Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қостанай облысының мақтанышы

Дата: 23.09.2025 Рубрика: Стань профи
63
0
Қостанай облысының мақтанышы
Данияның Хернинг қаласында өткен “EuroSkills Herning 2025” халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл – кәсіби-техникалық білім берудің беделін арттыратын, жас мамандардың шеберлігін халықаралық деңгейде сынайтын маңызды дода.
Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Қостанай облысы да өз үлесін қосты. Қостанай автомобиль көлігі колледжінің түлегі Сауленко Глеб “Желілік және жүйелік әкімшілендіру” командалық құзыреттілігі бойынша бақ сынап, кәсіби шеберлігі үшін медальон иегері атанды. Бұл жетістік – облысымыздың ғана емес, еліміздің де мерейін өсірген маңызды жеңіс.
Чемпионат барысында қазақстандық құрама бірнеше құзыреттілік бойынша мықтылығын дәлелдеді. Атап айтқанда, жалпы жеті медальонға ие болды. Олар: желілік және жүйелік әкімшілендіру (командалық құзыреттілік), мехатроника (командалық құзыреттілік), веб-технологиялар, CAD инженерлік графикасы, графикалық дизайн.
Глебтің жетістігі – оның қажырлы еңбегі мен табандылығының, сондай-ақ тәлімгері Николай Сергеевич Булаттың кәсіби дайындығы мен қолдауының жемісі. Олардың бірлескен еңбегі халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, Қостанай өңірінің дарынды жастарының әлеуетін тағы бір дәлелдеді.
Бұл жеңіс өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын көрсетіп қана қоймай, жас буынды кәсіби салада шыңдаудың, әлемдік деңгейде мойындатудың нәтижесі болып отыр. Сауленко Глебтің табысы – қостанайлық жастарға үлгі, болашаққа жігер сыйлайтын қуанышты жаңалық.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!