Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Сан қырлы қаламгердің әлемі» атты әдеби кеш өтті

Дата: 23.09.2025 Рубрика: Стань профи
61
0
«Сан қырлы қаламгердің әлемі» атты әдеби кеш өтті
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Науырзым аудандық орталық кітапханасы бірлесіп «Сан қырлы қаламгердің әлемі» атты әдеби кездесу кешін ұйымдастырды.
Әдеби шараға Науырзым ауданының мектеп оқушылары мен аудан тұрғындары шақырылып, қонақтар шығармашылықпен сусындаған ерекше кештің куәсі болды.
Кештің басты мақсаты – өңіріміздегі қалам ұстаған қайраткер тұлғалардың өнегелі өмір жолы мен мол шығармашылық мұрасын насихаттау арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын ояту, туған жерге сүйіспеншілігін арттыру, сөз өнерінің қадірін ұғындыру.
Кештің қадірлі қонағы – ақын, драматург, сатирик, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облысы бойынша төрағасының орынбасары, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Әдебиет» номинациясы бойынша гран-при иегері Абылай Фазылханұлы Маудан болды. Қаламгердің әдебиет әлеміндегі көп қырлы еңбектері, ойлы жырлары мен сатиралық туындылары кеш қонақтарының ерекше ықыласына бөленді.
Әдеби шара Науырзым аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздарының ән шашуымен басталды. Бұл – ақынға, сөз өнеріне, жалпы ұлттық руханиятқа деген құрметтің белгісі болды. Сонымен қатар, жас өрендер ақынның жүрекке жетер жырларын мәнерлеп оқып, туындыларына жазылған әуезді әндерді орындады. Кеш барысында оқушылар ақын шығармашылығынан шабыт алған әсерлерімен бөлісіп, әдебиетке деген қызығушылықтарын танытты.
Жиын соңында қатысушылар ақынмен еркін сұхбат құрып, ой-пікір алмасып, өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Бұл кеш көрермендерге рухани азық сыйлап қана қоймай, жас буынға шабыт берді, сөз өнерінің құдіретін сезінуге жол ашты.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!