Жас өнертапқыштары жарысы
Дата: 23.09.2025 Рубрика: Стань профи
0
67
0

Техникалық шығармашылық пен өнертапқыштардың республикалық жарысы жоғары деңгейде өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл байқау биыл 20-шы мәрте өткізіліп отыр.
Елдің түкпір-түкпірінен жиналған 180-ге жуық жас өнертапқыш техникалық модельдеу бойынша өз жобаларын ұсынды.
Оқушылар әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру сынды төрт негізгі бағытта бақ сынады. Радиомен басқарылатын техникалық модельдер, инженерлік жобалар мен креативті ойлар сынға түскен алаңда нағыз болашақтың инженерлері мен өнертапқыштары бас қосты. Жасөспірімдер өз қолымен құрастырған ұшақтар мен зымырандарды ұшырып, радиомен басқарылатын көліктер мен кемелерді жарыстырып, біліктілік пен шығармашылық қабілеттің үлгісін көрсетті.
«Мұндай байқаулар балаларға техникалық ойлау мен моделдеудің не екенін терең түсінуге мүмкіндік береді. Қатысушылардың саны жылдан жылға артып келеді. Олардың техникалық шығармашылыққа деген қызығушылығының нақты дәлелі. Қостанайдың бұл жарысты қабылдауы тегін емес, біздің өңірде бұл салада нақты жетістіктер бар», -дейді облыстық білім басқармасының дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығының директоры Қуаныш Бимурзин.
Жарысты ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы бірлесе ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – техникалық шығармашылықты дамыту, оқушылардың инженерлік және ғылыми ойлау қабілетін жетілдіру.
Білім байқауына Түркістан облысынан қатысқан он бес жастағы Қасым Нұрмұхамбет әуе модельдеу бағыты бойынша өз жобасын ұсынды. Ол бала кезінен техникаға қызығып, бірнеше республикалық деңгейдегі байқауларда бақ сынаған тәжірибелі өнертапқыш.
«Қатысарда көңілде алаң болды. Мен үшін жай ғана жарыс емес, өз болашағымды қалыптастырудағы маңызды баспалдақ. Осы жолы ұсынған жобам, шағын көлемді, экологиялық ұшақ моделі. Ол күн сәулесімен жұмыс істейді. Бұл идеяны болашақта дамытып, толыққанды құрылғы ретінде жүзеге асырғым келеді», – дейді Түркістан облысынан келген қатысушы Қасым Нұрмұхамбет.
Ал, Қарағанды облысынан келген 13 жастағы Айару Жұмабаева зымыран модельдеу бағыты бойынша ерекше көзге түсті. Ол қыздардың да техникалық салада жетістікке жететінін дәлелдеді.
«Техника ер балаларға ғана арналған деген көзқарас ескірді. Мен үшін зымыран жасау шығармашылық пен ғылымды біріктірудің жолы. Өз жобамды жасауға үш ай уақытым кетті. Қолдау көрсеткен ұстаздарыма ризамын», – дейді Айару Жұмабаева.
Жиырма жылдан бері өтіп келе жатқан жарыс талай жас өнертапқышқа жол ашып, олардың өмірлік бағытын таңдауға серпін берді. Биылғы байқау да бұл дәстүрден жаңылған жоқ, ел болашағын ойлайтын, ғылым мен техникаға бет бұрған жас дарындардың басын қосып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
Жарыс бағдарламасы жыл өткен сайын жаңарып келеді. Қызығушылық тантушылар қатары да көбейген.
«Жас өнертапқыштардың әр жобасына үлкен мән бердік. Тек техникалық күрделілік емес, идеяның өзектілігі мен болашақтағы қолданыс аясын да бағаладық. Бұл жеткіншектер – еліміздің технологиялық болашағын қалыптастыратын буын», -деп атап өтті жарыстың бас төрешісі Марат Ыбырайымов.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есеппен бірінші орынды Жамбыл облысының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қостанай облысының командасы иеленді. Үшінші орынды Ақтөбе облысының командасына бұйырды.
Сонымен қатар, қатысушылар «Үздік өнертабыс», «Үздік кеме құрастырушы», «Жаңашыл жоба», «Инженерлік шеберлік» сияқты арнайы номинациялар бойынша марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, үздік жобалар РҚББОӘО платформасында және әлеуметтік желілерде жарияланды.
Айзия Қыдырбекқызы, оқушы

Комментарии