Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Менің сүйікті отбасым

Дата: 02.07.2024 Рубрика: Спорт-класс
27
0
Менің сүйікті отбасым
 Оқушылардың жазғы демалысын қамтамасыз ету бойынша І ауысымның ашылуына байланысты Арқалық қаласындағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөпірімдер орталығында «Бақытты, балалық шақ!» атты отбасылық шығармашылық фестивалі және Қосымша білім беру орталығында «Жұлдыз бол!» тақырыбында балалар әндерінің байқауы өтті. 
Аталмыш іс-шаралар қала және ауыл мектеп жанынан құрылған жазғы лагерлер оқушылары мен ата-аналары арасында ұйымдастырылды. Іс-шара спорттық және шығармашылық байқалаулардан құралған, «Менің сүйікті отбасым!» мольберттерде сурет салу, «Біз біргеміз» спорттық эстафетасы, ашық аспан астындағы керамикалық шеберханада «Менің отбасымның елтаңбасы» атты керамикалық қолөнер байқауы, судағы отбасылық жүзу жарысы, «Бақыт құмырасы» атты қыш құмыра жасау шебер сағаты, «Жеңіске бірге жетейік!» жартасқа өрмелеу байқауы және т.б қызықты шараларға толы болды. Қатысушыларға арнайы дипломдар табысталып, сыйлықтар берілді.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!