Мен салауатты өмірді қолдаймын!
Дата: 15.09.2020 Рубрика: Салауатты өмір салты
0
1090
0
Күнделікті өмірде адам баласы үшін ең қымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Достарым, өмірді қызықты етіп өткізу үшін әр адам өз күш-жігерін аямауы қажет. Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол – бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу. Мен бос уақытымда бокс үйірмесіне барамын. Таңертең ерте тұрып жүгіремін. ойлаймын. Жасыратыны жоқ, ғаламторға көп үңілетін балалар өте көп. Міне, бұл менің салауатты өмір сүріп жатқаным деп Спорттық бағдарлама көрудің орнына жаман ойындарға әуес балалар да кездеседі. Міне, осы орайда мен секілді балаларға салауатты өмірді ұстанып, әдетке айналдырсақ деймін. Спортпен айналысып, жаман әдетке үйір болмайық. Сонда ғана өміріміз тамаша болады. Біз болашақта елімізді гүлдендіруге үлесімізді қосамыз. Сондықтан дәл бүгінгі күннен бастап, өзіміздің денсаулығымызды күтіп, әрдайым салауатты өмірді ұстанайық!
Елжан Дарбаев,
мемлекеттік тілде оқытатын,
Заречный орта мектебінің 2 «в» сынып оқушысы
Елжан Дарбаев,
мемлекеттік тілде оқытатын,
Заречный орта мектебінің 2 «в» сынып оқушысы
Комментарии