Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Өмірдің тамаша тұстары

Дата: 15.09.2020 Рубрика: Салауатты өмір салты
431
0
Өмірдің тамаша тұстары
Озерный негізгі мектебінде волонтерлік топ жұмыс істейді. Олар түрлі шаралар ұйымдастырып, көп міндеттерді атқарады. 
Мерекелерде тек оқушылар ғана емес, сонымен қатар олардың атааналары да қатысады. Волонтер ж ас тардың ұйымдастыруымен ұл балалар үшін футболдан турнир, ал кішкентай бүлдіршіндерге қызықты да, көңілді ойындар өткізілді. Сонымен қатар, «Мейірімділік жолы» атты кезекті акциясы өткізілді. Акция мақсаты: аз қамтылған отбасындағы балаларға, жетім және ата-анасының мейірімі мен қамқорлығынан айырылған балаларға материалдық көмек көрсету. Волонтерлер ауылдағы қарт адамдарға көмектесу мақсатымен Р.Акжанованың үйіне барып, үй шаруашылығына көмектесті. Бұл ізгі іс үшін қарт ана алғысын білдірді. Волонтерлер жануарлар мен құстарға қамқорлық жасайды. Олар мектеп ауласында құстарға ұя, жем салатын ыдыстарды жасап, ағашқа іліп қойды. Әр уақыт жем салатын ыдысқа үйден жем әкеліп салады. Қорытындылай келе, мектеп волонтерлері ізгі істерді жасай отырып, қалған оқушыларға үлгі болды. Оқушылардың көбі осы топ мүшесіне енуге өз ықыластарын білдірді. Мейірімді адамдар саны көбейсе, бар әлем өзгереді әрі салауатты өмірді ұстануға бастайды. 

Бетті әзірлеген Аружан БАҚЫТ

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!