Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Біз шымыр боламыз

Дата: 08.09.2020 Рубрика: Салауатты өмір салты
653
0
Біз шымыр боламыз
Біздің ауылдың балалары шетінен спортшы. Кешке ж ин а лып а лып футбол ойнағанды жақсы көреміз. Көп жерден «Ауыл спорты дамымай, ел спор - ты ешқашан төрге озбайды» дегенді оқып жатамын. Әрине, балалар спортқа жақын болғаны ж а қ с ы . Ұ л т д е н с а у л ы ғ ы н нығайтуда бұқаралық спорттың алатын орны ерекше екені де белгілі. Соңғы уақытта еліміздің айбынды жастары спорттың бірнеше түрінен биік белестерді бағындырып жүр. Бұл біздерді де қуантады. Бірақ өкініштісі ауылдарда спорт секциялары жақсы дамымаған. Сондықтан кешке тек футбол ойнауға тура келеді. Тынымсыз тірлікке үйренген ауыл баласы небір еңбектерге қауырт араласып өседі. Спортпен қатар біздер атқа мініп, мал бағып, оны-мұны үй шаруаларын лезде істеп тастаймыз. Атаанамызға да көмекшіміз. Әрине, осыдан соң қазақ баласы мықты болып өседі. Ауылда спорт зал дұрысталып жатыр. Енді ол дұрысталса біздерге түрлі спорт секциялары ашылар еді. Сол күнді күтіп жүрміз. Ауылдан шыққан спортшылар күреспен және бокспен айналысатындар. Ауылға басқа да түрлітүрлі спорт секциялары ашылса, нұр үстіне нұр болар еді. Соңғы кезде мемлекет тарапынан жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында облыс және қалаларда түрлі спорт кешендері ашылып жатыр. Алайда бұл игі шара шалғайда жатқан елді мекендерге әлі жете қойған жоқ. Егер қазақтың қаракөз балаларын жастайынан спортқа баулысақ, талай мықтымықты саңлақтар шығуы күмәнсіз. Мен де шыныққан, шымыр, мықты спортшы болғым келеді.

Батырбек БАҒДАТҰЛЫ, Бүйректал орта мектебінің 4 сынып оқу

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!