Денсаулық еліне саяхат
Дата: 24.11.2026 Рубрика: Саламатты Қазақстан
0
6
0

Денсаулық – адам өміріндегі ең қымбат байлық. Оны ешқандай дүниемен алмастыруға болмайды. Сондықтан денсаулықты жастайынан күтіп, салауатты өмір салтын ұстану – әр адамның басты міндеттерінің бірі. Әсіресе, жас ұрпақтың бойында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастырудың маңызы зор.
Осы мақсатта «Станционный» кітапхана-филиалында «Жұлдыз» клубының мүшелеріне арналған «Денсаулық еліне саяхат» атты танымдық-танымдық әрі интерактивті бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапханашы балаларды денсаулықты сақтаудың маңыздылығымен таныстырып, зиянды әдеттердің адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы кеңінен әңгімеледі. Атап айтқанда, темекі шегудің, алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың және есірткі заттарын қолданудың денсаулыққа зияны түсіндірілді. Балаларға мұндай әдеттердің тек адамның физикалық жағдайына ғана емес, оның болашағына, өмір сапасына да кері әсер ететіні айтылды.
Бағдарлама қызықты ойындар мен танымдық тапсырмаларға ұласты. Қатысушылар «Сұрақ-жауап» викторинасына қатысып, денсаулық, жеке гигиена, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтына қатысты сұрақтарға жауап берді. Өз білімдерін ортаға салып, тапқырлықтары мен белсенділіктерін көрсетті.
Кездесудің ерекше сәттерінің бірі – «Тілектер ағашы» шығармашылық тапсырмасы болды. Балалар ағашқа өздерінің ізгі тілектерін жазып, бір-біріне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, қуаныш пен бақыт тіледі. Бұл тапсырма қатысушыларға жақсы көңіл күй сыйлап қана қоймай, денсаулықтың адам өміріндегі орны туралы тағы бір ой салды. Сонымен қатар балалар салауатты өмір салтының негізгі қағидаларын талқылады. Олар дұрыс әрі уақытылы тамақтану, күнделікті дене белсенділігімен айналысу, жеке бас гигиенасын сақтау, күн тәртібін реттеу және зиянды әдеттерден аулақ болу денсаулықтың берік негізі екенін түсінді.
Ойындар мен пікір алмасу барысында қатысушылар маңызды тұжырымға келді: денсаулық өздігінен сақталмайды, оған күнделікті көңіл бөліп, қамқорлық жасау қажет. Әрбір адамның денсаулығы оның таңдауы мен өмір салтына тікелей байланысты.
Мөлдір БАЖИРОВА, «Станционный» кітапхана-филиалының кітапханашысы

Комментарии