Суды үнемдей білейік
Дата: 24.11.2026 Рубрика: Саламатты Қазақстан
0
6
0

Су – тіршіліктің қайнар көзі, табиғаттың баға жетпес байлығы. Адамзат өмірін сусыз елестету мүмкін емес.
Алайда су ресурстарының шектеулі екенін ескерсек, оны тиімді пайдалану мен үнемдеу – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан өскелең ұрпаққа судың қадірін түсіндіріп, табиғи байлықтарға жауапкершілікпен қарауды үйретудің маңызы зор.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен Қостанай қаласының білім беру ұйымдарында «Суды үнемде – болашақты сақ!» тақырыбында бірыңғай республикалық экологиялық сағат ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Маңызды экологиялық шараға қаламыздағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен жалпы білім беретін мектептердің оқушылары белсенді қатысты. Іс-шараның ауқымы да айтарлықтай болды: қала бойынша 38 жалпы білім беретін мектеп толық қамтылып, 36 мыңнан астам оқушы экологиялық сағатқа қатысты.
Экологиялық сабақтардың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің су ресурстарының маңыздылығы туралы түсінігін кеңейту, суды ұтымды пайдалану дағдыларын қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру.
Іс-шара барысында оқушыларға су ресурстарының адам өміріндегі, табиғаттағы және жалпы экожүйедегі орны туралы мағлұмат берілді. Педагогтер судың шексіз байлық еместігін, оны бейберекет пайдалану болашақта күрделі экологиялық мәселелерге әкелуі мүмкін екенін түсіндірді. Сонымен қатар су тапшылығы, табиғи су көздерінің ластануы және оларды қорғау жолдары туралы маңызды ақпараттар ұсынылды.
Экологиялық сағаттар мазмұнды әрі қызықты форматта ұйымдастырылды. Оқушылар тақырыптық бейнероликтер тамашалап, су ресурстарын сақтау жөнінде пікір алмасты. Олар күнделікті өмірде суды үнемдеудің қарапайым тәсілдерін талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, тіс тазалаған кезде кранды жауып қою, суды қажетсіз ағызбау, ақауы бар құбырларды уақытында жөндеу, суды тұрмыста тиімді пайдалану сияқты пайдалы әдеттерге назар аударылды.
Шара барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға да ерекше көңіл бөлінді. Балалар су ресурстарын қорғау тақырыбында суреттер салып, түрлі плакаттар мен шығармашылық жобаларын дайындады. Өз жұмыстарын таныстыру кезінде суды үнемдеудің маңызын түсіндіріп, табиғатты қорғауға қатысты ойларымен бөлісті. Мұндай тапсырмалар оқушылардың экологиялық мәселелерге бейжай қарамай, өз көзқарастарын қалыптастыруына мүмкіндік берді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда да бүлдіршіндерге судың адам мен табиғат үшін маңызы жас ерекшеліктеріне сай түсіндірілді. Түрлі ойындар, әңгімелесу және көрнекі материалдар арқылы балаларды суды қадірлеуге, табиғатты аялауға және тазалық сақтауға баулу жұмыстары жүргізілді.
Осындай экологиялық сабақтардың тәрбиелік мәні ерекше. Себебі табиғатты қорғау мәдениеті бала кезден қалыптасады. Бүгін суды үнемдеуді үйренген бала ертең қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын саналы азамат болып қалыптасады.
«Суды үнемде – болашақты сақта!» экологиялық сағаты оқушыларға судың қадірін ұғындырып қана қоймай, әр адамның табиғатты қорғауға қосатын үлесі бар екенін көрсетті. Өйткені экологиялық қауіпсіздік тек мемлекеттік деңгейде атқарылатын жұмыстармен шектелмейді, ол әрбір адамның күнделікті әрекетінен басталады.

Комментарии