Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Көне жәдігерлер

Дата: 30.03.2021 Рубрика: Рухани жаңғыру
768
0
Көне жәдігерлер

Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері тұрмыстық заттар әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу), сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнауы тапсырысы бойынша тігіліп жүр.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Рыспай ауылының негізгі орта мектебінде шағын мұражай ашылған. Мұражай іші ата-бабаларымыздың күнделікті тұрмыста қолданған жәдігерлеріне толы.

–Ата салтты ардақтау мақсатында ұрпағымызға насихаттау мектебімізде тәрбие сағаттары мәнді де сәнді өтілуде.Мектепте "Бауырсақ party" акциясы өтті. Мұражай бөлмесі негізінен кең қолданыста болған тұрмыстық заттарға толды. Шойын үтік, самаурын, ат әбзелдері, ыдыс-аяқ пен ағаш сандық. Мұның барлығы адамның қолынан шыққан дүниелер. Ұлттық нақышта жасалса, кейбірі түрлі наным-сенімдерге байланысты қиялдан туған. Көне бұйымдардың көбі XIX ғасырдан қалған. Атадан мирас болып қалған заттарды мұражайға тұрғындар тапсырған, – дейді мектептің бастауыш сынып мұғалімі Меруерт Садуақасова

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!