Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Құлпырған көктем

Дата: 30.03.2021 Рубрика: Рухани жаңғыру
551
0
Құлпырған көктем

Көктем мезгілінің әсіресе наурыз айын ерекше жақсы көремін. Себебі наурызда анамның, әжемнің мейрамы бар. Ал 22-наурызда біз бәріміз Наурыз тойын тойлаймыз. Бұл – біздің еліміздегі ең үлкен мереке. Біздің С.Мәуленов атындағы гимназияда 5 «Ә» сынып арасында сақтық шараларын сақтай отырып Наурыз мейрамын атап өттік. Сол күні барлығымыз сабаққа ұлттық киім киіп келдік. Аналарымыздың дайындап берген тағамдардан дастархан жайып, Наурыз көже ішіп, өлең айтып, би билеп, ұлдар асық ойнап, бір-бірімізге жақсы тілек айтып, қызықты ойын ойнадық. Әсіресе ұлттық киім киген барлық балалар сондай әдемі болып кетті. Бұл мереке маған қатты ұнайды. Неге біз осылай сабақта қамзол киіп жүре бермейді екенбіз? Наурыз айында көшедегі ағаштар жапырақ жаяды, ал үйдегі жеміс ағаштары аппақ болып гүл ашып, әдемі болып тұрады.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күн күркірейді. Осындай ерекше құбылыстың барлығы наурыз айында болады. «Биыл қар көп жауды, көк мол, ақ көп болады» дейді әжем. Мұның бәрі де біздің рухани құндылығымыз. Ол туралы Елбасы да атап өткен. Оны бағалауымыз керек.

Айзия ҚЫДЫРБЕКҚЫЗЫ

Қостанай қаласы С.Мәуленов атындағы гимназияның

5 «Ә» сынып оқушысы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!