Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Аппақ аққала, ақ ұлпа айнала

Дата: 19.01.2021 Рубрика: Рухани жаңғыру
633
0
Аппақ аққала, ақ ұлпа айнала

Күн суыта бастады. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар. Қыс мезгілі өзінің аппақ қарымен, сықырлаған аязымен, көк айдын мұзымен ерекше. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Дала тып-тыныш, айнала аппақ қар. Ақ ұлпа қар жамылған ағаштар, үйлер, таулардағы қыс көріністері көздің жауын алады. Қыс мезгілінің тағы бір ерекше көрінісі -қысқы ойындар. Қысқы ойындар өте қызықты, сондықтан балалар қыс мезгілін асыға күтеді. Бірі шанамен сырғанап, бірі аққала жасап, бірі қар атысып ойнаған балалардың көңілді жүздерімен дауыстары ерекше көңіл-күй сыйлайды. Қысты асыға күтуіміздің тағы бір себебі-жаңа жыл мерекесі. Әсіресе бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қуанышы мен қызығы мол қыс мезгілін балалар өте жақсы көреді.

Сол себепті «Жұпар» бөбекжай балабақшасының ересек «Ертөстік» тобында «Аппликациядан» «Аққала» тақырыбында ашық оқу қызметі өтті. Бұл оқу іс-әрекеттің мақсаты: екі еселеп бүктелген шаршылардан дөңгелектер қию тәсілін жетілдіру; әртүрлі өлшемдегі дөңгелектерден аққала бейнесін құрастыруды үйрету, қолдарының икемділіктерін арттыру.

Оқу қызметі барысында балаларға қыс мезгілі жөнінде түсінік беріледі. Топқа тосын сәт ретінде аққала кейіпкері келеді. Ол балаларға дос іздеп жүргендігі жөнінде айтып, тапсырмалар береді. Балалар бұлжытпай барлық тапсырмаларды орындап береді. Балалар аққала бейнесін жабыстырады. «Көлеңке» дидактикалық ойыны ойналады. Соңында балалар қыс мезгілінің жағымды және жағымсыз жақтарын айтып, қорытындылайды. Салтанат Әбдібекова,

Жұпар бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!