Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Алаңсыз балалық

Дата: 19.01.2021 Рубрика: Рухани жаңғыру
458
0
Алаңсыз балалық

Тәуелсіздік бізге, балаларға, не берді? Бақытты балалық шақ берді. Біз не киеміз, не ішеміз деп ойламаймыз. Оны біз үшін ата-аналарымыз ойлайды. Мектепке барып, тегін білім алуды берді. Оқимын деген балаларға қазір мүмкіндіктер өте көп. Бұрынғы балалардай том-том кітаптарды, газет-журналдарды қопарып отырмай, ғаламтор желілерінен керек мәліметтерімізді бірден тауып алып қолданамыз. Бұл да болса, еркіндіктің арқасы деп ойлаймын. Білімімізді жетілдіре түсу үшін теледидардан қазақ тіліндегі зияткерлік ойындарды көріп, ғаламтор арқылы қатыса да аламыз. Нәтижесінде көптеген жетістіктерге жетіп те отырмыз. Тіл үйрену де қазіргі кезде онша қиын емес болып кетті, тек ынта, жігер болса болды. Оны да қиналмастан ғаламтордан тауып алып үйренуге болады. Сондай-ақ шетелге шығып та білім алуға болады, бұл да тәуелсіздіктің бізге берген үлкен мүмкіндігі деп түсіну керек шығар. Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Соның бәрі бізге тәуелсіздіктің арқасында келген жетістіктер деп айтуға болады.

Ал маған не берді? Маған тарихи тұлғалар шыққан жерде дүниеге келуді берді. Бақытты отбасын берді. Жаңа ауыл орта мектебінде тегін білім мен тәрбие алуды, бала жанын түсінетін білімді де білікті ұстаздарымды берді. Мұғалімдерімнің арқасында оқу озатымын. Математика пәнінен облыс жүлдегерімін. Көптеген сайыстардың жеңімпазымын. Міне, осындай жетістіктерге мен Тәуелсіз Қазақстанның арқасында жетіп отырмын. Егер басқа елге бодан болсақ, менде мұндай мүмкіндіктер болар ма еді. Әрине, ол белгісіз. Сондықтан бізге осындай мүмкіндіктер беріп отырған тәуелсіздікті бойтұмардай сақтап, еліміздің одан сайын дамуы үшін білімді ұрпақ болуымыз керек.

Назерке Әлімжан,

Эстетикалық бағыттағы

Жаңа ауыл орта мектебінің

6-сынып оқушысы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!