Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Құмкешу деп неге аталған?

Дата: 24.11.2020 Рубрика: Рухани жаңғыру
822
0
Құмкешу деп неге аталған?

Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Тарихта атауы аталатын Құмкешу ауылына демалыс кезінде барып, табиғатына сүйсініп қайтамын. Менің туған жерім Қостанай қаласы. Дегенмен, ата-әжемнің ауыл туралы айтқан тарихи аңыз-әңгімелері менің Құмкешу ауылына деген қызығушылығымды арттырды.

Киелі Торғай аймағында тылсым дүниелер мен таңғалдыратын жәйттер сондай-ақ қандай да жағдайдын орын алуына байланысты қойылған жер-су аттары көптеп кездеседі. Біраз адамдар дүниежүзіндегі, өз еліндегі, туған облысы, ауданындағы, ауылындағы жеке географиялық атаулардың, тіптен көше, алаңдардың, өзен-көл, жоталардың аталу себептерін, шығу тарихын біле бермейді. Жас болсамда өз басым ел, жер атауларының тарихы жайлы білуге әуеспін.

Ата-әжемнің туған жері Аманкелді ауданынан Торғайға қарай 30 шақырым Кұмкешу ауылы. Сол өңірдің өзінде бірі білсе, бірі білмейтін көптеген тапонимдер мен ойконимдер кездеседі. Ауыл атының өзі табиғаттың тылсым мінезіне орай «Құмкешу» деп аталған. Ауыл іргесіндегі тас жолдың бойын жағалай үйілген майда құмдар төбе-төбе болып бір жерден екінші жерге желмен көшіп тұрады. Бүгін көрген төмпешік құмды екі-үш күн өткен соң көрген жеріңнен таппай қаласын. Жел үрлеп басқа жерге үйіп тастаған. Бірақ бір қызығы шеңбер сызып белгілеп қойғандай, ауылды айналып үдере көшеді. Құмкешу аталуы киелі құмды ата-бабамыздан бастап, күні бүгінге дейін ауыл халқының тобығынан кешуі себеп.

Құмкешуден үш шақырым шығысқа қарай жерде сұпы там болған. Сырттан келген жолаушыға өзеннің бергі бетінде отырған ақсақал: «Сен судан өтпе, үш күннен бері су «Жаңқара-Жаңқара» деп шақырып жатыр деген. Қарияның сөзін тыңдамай, тасып жатыған судан өтем деп суға кеткен. Көп уақыттан кейін судан денесі шыққан. Троицкіге қалыңдығына кетіп бара жатқан дәулетті азамат болса керек. Ауқатты Жаңқара есімді азаматтың қымбат заттарын жанына қоса көмсе керек. Бүгінде зираты жермен жексен болған. Ол тамның дәл қай жерде болғанын білетін үлкен кісілер өмірден озған. Тек ауыл халқы жобалап біледі.

Құмкешуден 18 шақырым, көтерме жолдан 5 шақырым батысқа қарай «Әулиетұз ойпаты» бар. Жағалай қара батпақ, жоғарғы жиегінен тұщы су ағады. Емдік қасиеті бар. 80-ші жылдары зерттеп, емдік санаторий ашу жоспарланып сметасы жасалған. Бірақ әлі жоба жүзеге асырылмай жатыр.

Тарихта ойып тұрып орын алатын Аманкелді отряды мен ақтардың қиян-кескі ұрысы болған атақты Құмкешу шайқасы да осы арада өткен.

Мен тарих пәнін енді оқуды бастасам да, ауыл тарихын зерттей отырып өлкетану саласына өз үлесімді қосқым келеді. Әр бала тым болмаса өз туған жерін кішіғұрым зерттеу жүргізіп, өз достарымен немесе ғаламтор арқылы бөліссе, аз да болса еліміздің кешегі және бүгінгі тарихына қосқан үлесім болар еді.
 

Нұржігіт САЙЛАУБЕК,

Қостанай қаласы №28 мектеп-гимназиясының 5 «ә» сынып оқушысы.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!