Тарихы терең ойы
Дата: 24.11.2020 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
487
0
Тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиаданың жеңімпаздары анықталды. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті. Биыл желілік олимпиадаға республикамыздың зияткерлік мектептерінен 88 оқушы қатысты. Назарбаев зияткерлік мектебінен спартакиадаға 4 оқушы қатысты. Олар 10 сынып оқушысы Ілияс Сейтахмет, 12 сынып оқушысы Айару Бекентай, 9 сынып оқушысы Гаухар Хамзиева, 8 сынып оқушысы Айдос Адамбек. Олимпиада қорытындысы бойынша құрметті 3 орынға Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Ілияс Сейтахмет ие болды. – Ойындар қашықтан өткізілгеніне қарамастан, қарсыластар көп және бұл маған өте қиын болды. Мен бұл ұлттық ойынды бастауыш сыныптан бастап ойнаймын және осы күнге дейін мені осы ойын қызықтырады, – дейді Ілияс. Тоғызқұмалақ төрт мың жылдық тарихы бар бірегей ұлттық ойын. Ол шығармашылық пен логиканы дамытады, сол себепті де бұл ойын оқушылар арасында кеңінен танымал. Ойынға қызығушылық таныту – өз халқының тарихы мен мәдениетіне жақындай түсудің бір жолы. Өткенді бағалау Рухани жаңғыру бағдарламасында баса айтылған бағыттың бірі.
Бетті әзірлеген Аружан БАҚЫТ
Бетті әзірлеген Аружан БАҚЫТ
Комментарии