Тіл – тамырымыз, ұрпақ – жалғастығымыз
Дата: 20.10.2026 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
5
0

Қостанай аудандық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Алтын Ержанова мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту бағытында еңбек етіп келеді. Ол ауыл тұрғындарына қазақ тілін үйретумен қатар, жасөспірімдердің туған жер тарихын танып, салт-дәстүрді құрметтеп өсуіне де ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта ауылда «Қазына» және «Өркен» клубтары жұмыс істейді. Балаларға ұлттық мұраны насихаттап жүрген ұстазбен тілдесіп, атқарылып жатқан жұмыстар туралы сұрадық.
– Алтын апай, сіз ауыл тұрғындарына қазақ тілін үйретіп жүрсіз. Мемлекеттік тілді меңгертуде қандай мақсатты басшылыққа аласыз?
– Менің басты мақсатым – қазақ тілінің ауыл тұрғындарының күнделікті өмірінде еркін қолданылатын қарым-қатынас құралына айналуына үлес қосу. Әсіресе, өзге этнос өкілдері көп тұратын ауылда бұл жұмыстың маңызы зор. Қазақ тілін үйренуге ниет білдірген әр адамға қолдау көрсетуге тырысамын. Өйткені тіл үйрену тек сөздер мен грамматиканы меңгеру емес. Тіл арқылы адам халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін және дүниетанымын таниды. Сондықтан сабақ барысында ұлттық құндылықтарды да кеңінен насихаттаймын. Меніңше, мемлекеттік тілдің мәртебесі оның күнделікті өмірде қаншалықты қолданылатынымен өлшенеді.
– Ауылда құрылған «Қазына» клубының негізгі мақсаты қандай?
– «Қазына» клубы ауыл зейнеткерлерінің басын қосып, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында құрылған. «Қазына» атауын да бекер таңдаған жоқпыз. Өйткені үлкендеріміз – ауыл тарихының тірі куәгерлері, талай оқиғаны бастан өткерген, өмірден түйгені мол жандар. Олардың әрбір естелігі мен әңгімесінде жастарға үлгі боларлық дүние бар. Біз клуб аясында үлкендердің өмір жолын, ауылдың өткенін, салт-дәстүрдің мәнін танытуға мән береміз. Қазіргі кезде ақпарат көп болғанымен, қариялардың өз аузынан естіген әңгімесі мен ақыл-кеңесінің тәрбиелік мәні ерекше. Біздің міндетіміз – осы рухани байланысты үзбей, үлкендердің өнегесін ұрпаққа аманаттау.
– «Қазына» клубының жалғасы ретінде «Өркен» клубы жұмыс істейді екен. Мұнда балалар қандай бағыттар бойынша тәрбиеленеді?
– «Өркен» клубының негізгі мақсаты – жасөспірімдердің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, өз тамырын тануға көмектесу. Біз балаларға ұлттық мұраны құрметтеуді айтып қана қоймай, оны іс жүзінде танып-білуге мүмкіндік беруге тырысамыз. Мәселен, ұлттық қолөнерге ерекше көңіл бөлеміз. Бала өз қолымен ұлттық бұйым жасап көрсе, оның жасалу ерекшелігін ғана емес, бойындағы ұлттық нақыш пен тәрбиелік мәнді де тереңірек түсінеді. Сонымен қатар салт-дәстүрлердің шығу тарихын, маңызын және бүгінгі өмірдегі орнын түсіндіреміз. Біздің мақсатымыз – балалардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттырып, ата-бабадан қалған мұраға деген құрметін қалыптастыру.
– Балаларды туған жердің тарихымен таныстыру үшін қандай жұмыстар атқарып жүрсіздер?
– Өлкетану жұмыстарының маңызы зор. Туған жердің тарихын білген бала оның қадірін тереңірек түсінеді. Осы бағытта біз әдеби шығармаларды да тәрбие құралы ретінде пайдаланамыз. Мысалы, «Өркен» клубының жасөспірімдері Ыбырай Алтынсариннің тағылымды әңгімелері бойынша сахналық қойылымдар қойды. Мұндай жұмыс балалардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілетін және көпшілік алдында өзін ұстау дағдыларын дамытуға көмектеседі. Шығарма кейіпкерін сахнада сомдау арқылы бала оның мінезін, іс-әрекетін тереңірек түсінеді. Ал туған өлкеден шыққан тұлғалардың шығармашылығымен танысу жас ұрпақтың туған жеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастырады.
– Сіздің ойыңызша, тіл мен ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізуде ең маңыздысы не?
– Ең маңыздысы – ұрпақтар арасындағы байланысты сақтау. «Қазына» клубындағы аға буын өмірлік тәжірибесімен бөліссе, «Өркен» клубындағы жастар сол өнегені бойына сіңіріп, болашаққа жалғастырады. Бірі ел жадын сақтайды, екіншісі ел ертеңін қалыптастырады. Тіл – ұлттық мұраны жеткізудің құралы, ал ұлттық мұра – тілді өмірде қолдануға мүмкіндік беретін рухани орта. Сондықтан қазақ тілін үйрету мен ұлттық құндылықтарды насихаттау бір-бірімен тығыз байланысты деп ойлаймын. Балалар үлкендермен сөйлесіп, салт-дәстүрді үйреніп, туған жер тарихын танып өскенде ғана ұлттық санасы қалыптасады.
Мен үшін ауыл тұрғындарының қазақша сөйлеп, өз ойын мемлекеттік тілде жеткізуге талпынуы – үлкен қуаныш. Өйткені ортақ тіл адамдарды жақындастырып, өзара түсіністікті арттырады. Тілімізді құрметтеп, ұлттық мұрамызды ұрпаққа жеткізу – бәрімізге ортақ міндет.
– Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан Айсана Бақытқалеева, оқушы

Комментарии