Жүрекке жазылған жыр
Дата: 06.10.2026 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
6
0
Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» Мемлекеттік тілдегі кітапхананың ұйымдастыруымен Тәуелдібай өңірінің мақтанышы, ақиық ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, ардақты ұстаз, марқұм Дінбай Дабылдың жарқын бейнесі мен мол шығармашылық мұрасын ұлықтауға арналған «Тағдыр таңбасы» атты жаңа кітаптың тұсаукесер кеші өтті.
Ақын рухына тағзым етіп, оның асыл сөзін ұрпақтан-ұрпаққа аманаттауды көздеген тағылымды кеш ерекше өтті. Кештің мәртебесін арттырған маңызды оқиғаның бірі – Алатау баурайынан, Алматы қаласынан арнайы келген ақынның ардақты жары Бақытгүл Кәрібайқызы Сәдуахасова мен ұлы, Тәуелдібай өңірінің дәстүрлі жыршылық өнерін насихаттаушы Сәбит Дінбайұлының арнайы қатысуы болды. Ақынның жақындарының шараға қатысуы кештің мазмұнын тереңдете түсіп, көпшілікке Дінбай Дабылдың өмірі мен шығармашылық болмысын жақынырақ тануға мүмкіндік берді.
Кеш барысында ақынның замандастары мен ізбасарлары, іні-қарындастары сөз сөйлеп, Дінбай Дабылдың азаматтық болмысы, ұстаздық парасаты, адамгершілік қасиеттері мен ақындық қарымы туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті. Кештің көркемдік мазмұнын ұлттық өнер де толықтыра түсті. «Алтын домбыра» өнерпаздары халыққа кеңінен танымал «Ер Тұран», «Ерке сылқым» күйлерін күмбірлете орындап, көрермендерді күй өнерінің құдіретімен сусындатты. Ал шараның ең тебірентерлік сәті – ақынның ұлы, жыршы Сәбит Дінбайұлының өнер көрсетуі болды. Әке жолын жалғап, дәстүрлі жыршылық мектепті дәріптеп жүрген Сәбит Дінбайұлы Дінбай ақынның сырлы термелері мен жырларын нақышына келтіре орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әкесінің шығармаларын кейінгі буынға жеткізіп, дәстүрлі өнерді жалғастырып жүрген ұлының өнері кешке ерекше әсерлі сипат берді.
Шара барысында ұрпақтар сабақтастығы да айқын көрініс тапты. Мектеп оқушылары ақынның шоқтығы биік шығармаларынан поэзиялық композиция ұсынып, жырларын мәнерлеп жатқа оқыды. Кеш барысында «Тағдыр таңбасы» кітабының мазмұны мен маңызына да кеңінен тоқталды. Жаңа жинақта ақынның өмір жолы, шығармашылығы, азаматтық тұлғасы мен әдеби мұрасы туралы сыр шертіледі. Кітап – Дінбай Дабылдың есімін ұлықтап қана қоймай, оның шығармашылық әлемін кейінгі буынға таныстыратын құнды рухани дүние.
«Таныстырылымы өткен «Тағдыр таңбасы» жинағы – ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасын келешек ұрпаққа жеткізетін бағалы туынды. Ақын артында қалдырған өшпес мұра ел жүрегінде мәңгі сақталып, оның жырлары кейінгі буынға рухани азық бола бермек», – деп атап өтті Рудный мемлекеттік тілдегі кітапханасының меңгерушісі Гүлбараш Уалиева.
Рудный қаласы

Комментарии