Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қазақ тілін меңгеруге жаңа мүмкіндік

Дата: 04.08.2026 Рубрика: Рухани жаңғыру
1
0
Қазақ тілін меңгеруге жаңа мүмкіндік
Тілді үйрену – тек жаңа сөздерді жаттау емес, ол жаңа мәдениетпен танысу, адамдармен еркін қарым-­қатынас жасау және өз ойыңды сенімді жеткізуге үйрену. Осы бағытта Н.Островский атындағы кітапханада жұмыс істейтін «Сөйле Time» клубы қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытқан жандарға ерекше мүмкіндік ұсынып келеді.
Клубтың кезекті кездесуі «Көңілді жаз» тақырыбына арналды. Сабақ барысында қатысушылар қазақ тіліндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріп қана қоймай, оларды күнделікті қарым-­қатынаста қолдануға машықтанды. Кездесу еркін әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар түрлі қызықты тапсырмаларды орындап, мақал-­мәтелдерді аударды, сөздік қорын байытатын жаттығулар жасады. Сонымен қатар «Ұнайды – ұнамайды» ойыны арқылы өз ойларын қазақ тілінде жеткізуге тырысты.
Тақырыптық викторина да кездесудің мазмұнын толықтыра түсті. Қатысушылар сұрақтарға жауап беру барысында өз білімдерін тексеріп, жаңа мәліметтер алды. Әр тапсырма тіл үйренуді жеңіл әрі қызықты етуге бағытталды.
Клуб мүшелерінің айтуынша, қазақ тілін меңгеруде ең бастысы – қателесуден қорықпау және үнемі тәжірибе жасау.
– Тілді үйрену үшін тек ережелерді білу жеткіліксіз. Ең маңыздысы – сөйлесуге талпыну, күнделікті қолдану. Осындай кездесулер адамның өзіне деген сенімін арттырып, қазақша еркін сөйлеуге көмектеседі, – дейді клуб қатысушылары.
«Сөйле Time» клубының басты мақсаты – қазақ тілін үйренушілерге қолайлы орта қалыптастыру, еркін сөйлесу дағдысын дамыту және тілді үйренуді қызықты үдеріске айналдыру. Мұнда әрбір қатысушы жаңа сөз үйреніп қана қоймай, қазақ тілінің байлығы мен әсемдігін сезінеді. Ойын, пікір алмасу, шығармашылық тапсырмалар арқылы тіл үйрену жеңіл әрі есте қаларлық болады.
Қазақ тілін меңгеру – уақыт пен тұрақты еңбекті қажет ететін маңызды қадам. Ал осындай тілдік клубтар бұл жолды қызықты, жеңіл және нәтижелі етуге мүмкіндік береді. Тілге деген қызығушылық пен құрмет артқан сайын, оны үйренуге деген сенім де күшейе түседі. «Сөйле Time» клубының әр кездесуі – қазақ тілінде еркін сөйлейтін жаңа буын қалыптастыруға бағытталған жақсы бастама.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!