Рухани құндылықтарды дәріптеу
Дата: 02.06.2026 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
5
0

Науырзым ауданы Шолақсай ауылдық кітапханасында көрнекті ақын, жазушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың 90 жылдығына арналған «Аз и Я» атты портрет кеші өтті.
Тағылымды шараның мақсаты – оқырмандарды қаламгердің өмір жолы және мол әдеби мұрасымен таныстырып, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру болды.
Іс-шара барысында қатысушылар ақынның шығармашылық жолына тоқталып, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан зор үлесі туралы мағлұмат алды. Әсіресе әдебиет пен тарих кеңістігінде ерекше орын алған «Аз и Я» еңбегіне кеңінен назар аударылып, туындының тарихи-танымдық маңызы сөз болды. Кітап арқылы автордың түркі дүниесінің терең тамырын зерделеп, ұлттық сананы жаңғыртуға қосқан еңбегі атап өтілді.
Кеш қонақтары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармашылығы жайлы пікір алмасты. Сонымен қатар кітапханада ұйымдастырылған тақырыптық кітап көрмесі оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырды. Көрмеге қаламгердің әр жылдары жарық көрген кітаптары, мақалалары мен ол туралы естеліктер қойылды.
Шара барысында жастарға рухани құндылықтарды дәріптеу, әдеби мұраны насихаттау және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мәселелері де сөз болды. Кеш қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, ұлттық әдебиет пен рухани мұраға деген құрметті күшейтуге ықпал етті.

Комментарии