Ұлттық құндылықтар ұлықталған күн
Дата: 26.05.2026 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
6
0

Бүйректал жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қазақ ауылы» этножобасы ерекше есте қалардай өтті.
Жобаның басты мақсаты – жас ұрпаққа қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстыру, ұлттық мұраны насихаттау, төл өнер мен ұлттық ойындардың маңызын түсіндіру, сондай-ақ оқушылардың бойына ұлттық рух пен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру болды.
Бұл күні қонақтар қазақтың ұлттық қолөнер көрмесін тамашалады. Мектеп оқушылары «Шабыт» әлеуметтік жобасы аясында жыл бойы жасаған қолөнер бұйымдарын таныстырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Көрмеде ұлттық нақыштағы бұйымдар, кесте, тоқыма және тұрмыстық қолөнер туындылары қойылып, көрерменнің қызығушылығын тудырды.
Шара барысында театрландырылған қойылымдар қойылып, қазақ халқының бай салт-дәстүрлері сахна арқылы көрініс тапты. Оқушылар ұлттық тәрбиенің маңызын әсерлі сахналық көріністер арқылы жеткізе білді.
Киіз үй жанында ұйымдастырылған тағылымды көріністер көпшілік назарын ерекше аударды. Әжелер қауымы балаларға ұршық иіру, түбіт түту, тоқыма тоқу секілді көнеден келе жатқан қолөнер түрлерін үйретсе, аналар қазақтың ұлттық тағамдарын дайындаудың қыр-сырымен бөлісті. Бауырсақ пісіру, ет асу, құрт жасау, сөк дайындау, диірмен тарту сынды дәстүрлі тағам әзірлеу тәсілдері көрсетіліп, қыз балаларға ұлттық тәрбие мен тұрмысқа қажетті өнеге берілді. Бұл отбасы тәрбиесі мен аналар тәлімінің маңызын айқындай түскен ерекше сәттердің бірі болды.
Сонымен қатар, алтыбақан басына жиналған жас өнерпаздар халық әндерін орындап, ұлттық рухты асқақтатты. Әсем ән мен күй мектеп ауласын думанға бөлеп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шара аясында қазақтың ұлттық ойындары да кеңінен насихатталды. Оқушылар асық ату, арқан тарту секілді ұлттық ойындарға қатысып, ептілік пен шапшаңдықтарын сынады. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәнін түсінген жасөспірімдер ата-баба мұрасына деген қызығушылықтарын арттырды.
Шара соңында Амангелді ауданы білім бөлімінің әдіскері Мақпал Мұхамбетова этножобаның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге белсенді атсалысқан ата-аналарға, мектеп ұжымына және оқушыларға алғыс білдірді.
Қазақ халқы – ұлттық болмысы мен рухани құндылықтарын ғасырлар бойы сақтап келе жатқан дана халық. Бүйректал мектебінде өткен «Қазақ ауылы» этножобасы – сол асыл мұраны жас ұрпақтың санасына сіңіріп, ұлттық тәрбиені дәріптеген, тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор игі шара болды. Осындай бастамалар арқылы өскелең ұрпақ ата дәстүрін құрметтеп, ұлттық құндылықтарды бағалай білетін рухы биік азамат болып қалыптасары сөзсіз.
Ақбаян Теміржанова

Комментарии