Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Наурыз – ұлттық өнердің жаңғыруы»

Дата: 31.03.2026 Рубрика: Рухани жаңғыру
6
0
«Наурыз – ұлттық өнердің жаңғыруы»
Мемлекеттік тілдегі кітапхана ұйымдастыруымен «Наурыз – ұлттық өнердің жаңғыруы» атты мерекелік кеш өтті.
Шараға «Кездесу» клубының мүшелері, «Алтын домбыра» студиясының өнерпаздары және № 8 «Келешек» мектебінің 6 «Ә» сынып оқушылары қатысты.
Мерекелік іс-шара Наурызнама онкүндігінің маңызды бөлігі – «Шаңырақ күніне» орай ұйымдастырылды. Кітапханашы қатысушыларға бұл күннің отбасылық құндылықтарды нығайтудағы және ұлттық бірлікті дәріптеудегі маңызы туралы кеңінен мағлұмат берді.
Шара барысында ұлттық ойындар ойнатылып, «Асық ату», «Жүзік салу» сияқты дәстүрлі ойындар арқылы оқушылардың қызығушылығы артты. Сонымен қатар «Кім көп біледі?» атты мақал-­мәтелдер сайысы ұйымдастырылып, қатысушылардың білімдері сынға түсті.
«Ұлттық қолөнер – ұлт қазынасы» бөлімінде қолөнерші, құрақ шебері, республикалық «Хас шебер» қауымдастығының мүшесі, Қазақстандық КИнЭС рекордтар кітабына енген шебер Ералиева Гүлнұр Владимировна шеберлік сағатын өткізді. Ол қазақтың байырғы қолөнері – құрақ құрау өнерінің ерекшеліктерін таныстырып, әрбір өрнектің астарындағы терең мағына мен философияға тоқталды. Оқушылар қолөнердің қыр-сырын меңгеріп, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттырды.
Іс-шараның тағы бір ерекшелігі – заманауи технологиялардың қолданылуы болды. ChatGPT және Grok секілді жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы дайындалған танымдық бейнероликтер көрсетіліп, бұл ұлттық руханиятты жаңғыртудағы цифрлық шешімдердің маңызын айқындады.
Кеш барысында «Алтын домбыра» студиясының домбырашылары мен «Кездесу» клубының мүшелері күмбірлеген күй мен әсем әннен шашу шашып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар Наурыз мерекесіне арналған кітап көрмесіне шолу жасалып, оқырмандарға ұлттық мұраға қатысты құнды әдебиеттер ұсынылды.
Өнерпаздар ән-жыр орындап, қонақкәде көрсетілді. Жергілікті ақын Балғара Жәлел Наурызға арнауын оқып, кештің мазмұнын байыта түсті. Шебер Гүлнұр Ералиеваға алғыс хат пен сыйлық табысталды.
Шара соңында қонақтарға дастархан жайылып, наурыз көже мен ұлттық тағамдар ұсынылды. Ауыл ақсақалдары бата беріп, жиын көтеріңкі көңіл күймен аяқталды.
Бұл мерекелік кеш – өткен мен бүгінді жалғап, жастардың бойында отансүйгіштік сезімді оятқан, ұлттық бірегейлікті айшықтаған мазмұнды жиын болды.
Жаңагүл Ургенішбаева, мемлекеттік  тілдегі кітапхана кітапханашысы Рудный қаласы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!