Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Оқитын ұлт» жобасы аясында ұйымдастыру кездесуі өтті

Дата: 13.01.2026 Рубрика: Рухани жаңғыру
7
0
«Оқитын ұлт» жобасы аясында ұйымдастыру кездесуі өтті
«Оқитын ұлт» ұлттық жобасы аясында Арқалық қаласы білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептерде жобаны тиімді жүзеге асыру мақсатында арнайы ұйымдастыру кездесуі өтті.
Кездесу барысында жобаның негізгі мақсат-­міндеттері талқыланып, оны білім беру ұйымдарында жүйелі түрде іске асыру тетіктері нақты айқындалды. Атап айтқанда, үйлестірушілермен желтоқсан айына арналған жұмыс жоспары қарастырылып, әр мектепке жүктелетін міндеттер мен іс-шаралардың мазмұны пысықталды.
Жиын барысында мектептердің жобалық сайттағы және әлеуметтік желілердегі белсенділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Осы бағытта ақпараттық материалдарды уақытылы жариялау, өткізілген іс-шараларды сапалы фото-бейне контент арқылы насихаттау, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын кеңінен тарату жөнінде нақты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, жоспарланған іс-шараларды тиімді ұйымдастыруға арналған әдістемелік-­нұсқаулықтар мен практикалық кеңестер ұсынылды.
Кездесу қорытындысында қатысушылар «Оқитын ұлт» жобасының білім алушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттырудағы, оқу мәдениетін қалыптастырудағы және тұлғаның рухани дамуына ықпал етудегі маңызын атап өтті. Жоба аясында алдағы уақытта кітап оқу марафондары, әдеби кештер, оқырман клубтары, авторлармен кездесулер және түрлі шығармашылық байқаулар ұйымдастыру жоспарлануда.
Аталған жұмыстар жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, ой-өрісін кеңейтуге, сыни ойлау қабілетін дамытуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Арқалық қаласы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!