Тәрбиенің тамыры – ұлттың жүрегінде
Дата: 21.10.2025 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
48
0

Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі – адал, жауапты, еңбекқор және отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауларында және түрлі бастамаларында «Адал азамат» идеясын ерекше атап өтіп, оны еліміздің болашағына бағытталған стратегиялық бағдар ретінде ұсынған болатын. Бұл бастаманың түпкі мақсаты – жастарды рухани бай, еңбекқор, әділ, елін сүйетін тұлға ретінде қалыптастыру. Осы идея негізінде бүгінде еліміздің барлық аймақтарында «Адал азамат» атты тәрбиелік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.
Осы игілікті істердің басы-қасында Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі жүр. Жақында Қостанай қаласындағы № 32 мектепте Ақсақалдар кеңесінің бастамасымен «Өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие» атты кешенді кездесу өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтар мен адамгершілік ұстанымдарды үйрету. Кездесу бірнеше бағытта ұйымдастырылды. Әр бағыт жасөспірімдердің ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырды.
Қамшы өру өнері
Іс-шараның бірінші бөлімі еңбекке баулу және қолөнер тақырыбына арналды.
Бұл бағытта Федоров ауданынан арнайы келген жас шебер Айдын Диханбаев оқушыларға қамшы өру мен былғары бұйымдарын жасау тәсілдерін көрсетті. Ол қолөнердің мәнін терең түсіндіріп, әрбір ісінің артында ата дәстүрі мен ұлт рухының жатқанын атап өтті.
Айдынның айтуынша, қайыс пен иленген теріден жасалған бұйымдар – ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігінде күнделікті пайдаланған заттар. Мәселен, қамшы – батырдың серігі, ер-азаматтың айбыны болса, торсық – көшпенді өмірдің ажырамас бөлігі.
«Бүгінгі күнде қамшы ауылдық жерлерде әлі де қолданылады. Ал торсық бұрын бабаларымыздың серігі болған, қымыз бен сүт, сусынды сақтауға арналған ыдыс. Қазір бұл бұйымдар ұлттық мұраның белгісіне айналып, көбіне сый-сияпат ретінде ұсынылады», – дейді шебер.
Айдын Диханбаев Торғай өңірінің тумасы, бала кезінен тері өңдеу мен қамшы өру өнеріне қызығып өскен. Бүгінде ол бұл кәсіпті заман талабына сай жаңғыртып жүрген санаулы жас қолөнершілердің бірі. Шебер қамшының бірнеше түрін, соның ішінде «ақбоз ат қамшысы», «жол қамшы», «сәндік қамшы» үлгілерін жасап, сонымен қатар торсық жасаумен де айналысады.
«Қолөнер – ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Еңбекке ерте баулынған бала – өмірде өз орнын табады. Адал еңбек – адал адамның айнасы», – деп атап өтті Айдын өз сөзінде. Шебер оқушыларға торсықтың жасалу барысын да жан-жақты түсіндірді.
«Торсық жасау үшін сиырдың терісі пайдаланылады. Ол міндетті түрде иге салынбаған болуы керек. Бұрын теріні іркіттің сары суына салып илеген, бірақ торсыққа ол жарамайды. Мұндай тері тек суға салынып, түгі тазартылған күйінде дайындалады. Сосын оны тобылғы ағашының түтініне ыстау қажет. Ыстау – терінің сапасын арттырып, ұзақ сақталуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ішіне құйылған сусынның иісі сіңбей, өз дәмі бұзылмайды», – дейді Айдын.
Ол торсықтың ішін қара шаймен бірнеше рет шайқап, қаймақ жағып, қайтадан ыстайтынын айтты. Осылай өңделген торсық пайдалануға жарайды.
Айдынның айтуынша, тобылғы түтінінің ерекше қасиеті бар – ол микробтарды жояды, асқазан мен ішек ауруларының алдын алады.
«Бабаларымыз бұл құпияны жақсы білген. Ысталған торсыққа құйылған қымыз шипалы болып, адам денсаулығына пайдалы болған», – дейді шебер.
Қолөнершінің айтуынша, оның алғашқы жасаған торсығын Словакиядан келген туристер ерекше қызығушылықпен сатып алып кеткен. Бұл – ұлттық өнерге деген шетелдік қызығушылықтың да айғағы. Сабақ барысында оқушылар өз қолдарымен шағын бұйымдар жасап көрді. Бұл тәжірибе балалардың бойында еңбекқорлық, шыдамдылық, дәлдік пен табандылық қасиеттерін қалыптастырды. Көптеген оқушылар болашақта осындай дәстүрлі қолөнермен айналысуға қызығушылық танытты.
«Мұндай кездесулер бізге еңбектің қадірін ұғындырады. Қолөнердің әр бұйымында тарих бар. Біз де осындай ұлттық өнерді үйреніп, жалғастыруымыз керек», – деді қатысушы оқушы.
Айдын Диханбаевтың өнері – тамыры терең ұлттық дәстүрдің бүгінгі өмірмен сабақтасқан көрінісі. Оның еңбегі жас ұрпаққа тек қолөнерді үйретіп қана қоймай, ата-баба мұрасына деген құрметті де сіңіреді.
Баталы құл арымас
Келесі бағыт рухани және адамгершілік тәрбиеге арналды. Қостанай қаласының құрметті азаматы, қоғам белсендісі Хасенғали Камалов «Жігітке жеті өнер де аз» атты тағылымды әңгімесін өрбітті.
Ол жастарға батаның қасиетін, жіліктің атаулары мен қазақы ырым-тыйымдардың мәнін түсіндірді.
«Бала кішкентайынан үлкеннің сөзін тыңдап, жақсыдан үлгі алса, ертең еліне адал қызмет ететін азамат болып өседі. Адалдық – адамның ішкі жарығы. Ол сөнбесе, елдің еңсесі түспейді», – деді ақсақал.
Кездесу соңында оқушылар өз ойларын бөлісіп, бүгінгі заманда адал болудың неге маңызды екенін талқылады.
Ұлттық музыка және руханият
Іс-шараның соңғы бөлімі өнер мен музыкаға арналды.
Оған облысқа танымал жетігенші әнші Фариза Жоламанова қатысып, жетіген аспабының тарихы мен маңызын түсіндірді. Ол күй шертіп, халық әндерінен үзінді орындады. Балалар ұлттық саз аспаптарының әуенін ерекше ықыласпен тыңдап, қазақ музыкасының терең рухын сезінді.
«Мен домбыра үйреніп жүрмін, ал жетігеннің үні ерекше екен.
Қазақтың әр аспабы – бір тарих. Осындай сабақтар бізге рух береді», – дейді 10-сынып оқушысы Ерасыл Әлмұхан өз әсерімен бөлісіп.
«Адал азамат» жобасы тек бір реттік акция емес, бұл – жастардың мінез-құлқын, өмірлік ұстанымын қалыптастыратын жүйелі бағдарлама. Ол оқушыларды тек білімге емес, рухани кемелдікке жетелейді. Бүгінде еліміздің әр өңірінде осы бағытта көптеген кездесулер өтіп жатыр. Оған түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ұстаздар, өнер адамдары менеңбек ардагерлері атсалысуда. Мұның бәрі – Қазақстанның келешегі үшін жасалып жатқан рухани-интеллектуалдық инвестиция.

Комментарии