Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қазақ би өнерінің биік шыңы

Дата: 13.05.2025 Рубрика: Рухани жаңғыру
73
0
Қазақ би өнерінің биік шыңы
Халықаралық бишілер күні және қазақ би өнерінің падишасы, Торғай өңірінің дарынды тұлғасы, ҚР-ның мәдениет қайраткері, «Құрмет» белгісінің иегері Бархыт Бушаеваны еске алуға арналған «Би әлемі» атты аймақтық фестиваль көрермендер көзайымына айналды.
Фестивальдің мақсаты — қазақ би өнерінің қадір-қасиетін арттырып, оны жаңа ұрпаққа таныту, сондай-ақ Бархыт Бушаеваның есімін мәңгі есте сақтау болатын. Қатысушылардың өнері фестивальге қатысушы көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Фестивальге Жанкелдин ауданынан «Еркеназ» үлгілі би ансамблі (жетекшісі Томирис Ақтас), Жітіқара ауданынан «Танцевальная графика» эстрадалық-халықтық би ансамблі (жетекшісі Яна Тарнарудская), Майлин ауданынан «Diamonds» би тобы (жетекшісі Евгения Орлова), Арқалық қаласынан «Ақбота» халық би ансамблі (жетекшісі Аружан Ембергенова), «Тұмар» би тобы (жетекшісі Ақмарал Бауыржанова), «Айару» би тобы (жетекшісі Мейрамкүл Тайшықова) би ұжымдары қатысты.
Фестиваль екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде қазақ дәстүрлі биі (сюжеттік, ойындық, бейнелі және т.б.), екінші кезеңде халық стиліндегі би сарапқа салынды. Әрбір кезеңде ұжымдардың өнері әділқазылар алқасы мен көрермендер тарапынан жоғары бағаланды. Байқау барысында өнерпаздар өздерінің шеберліктерін, ұлттық бидің әртүрлі аспектілерін көрсетті, сондай-ақ түрлі жанрларда би қимылдарын орындады.
Жүлдегерлер грамота, кубок, сондай-ақ қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Әділқазылар құрамында би өнерінің білгірлері мен танымал мәдениет қайраткерлері болды.
Фестивальдің ұйымдастыру алқасының төрайымы, Арқалық қалалық мәдениет сарайының директоры Замзагүл Мергенова қорытынды сөзінде: «Би өнері — халықтың рухын көтеретін күш. Біз бүгінгі фестиваль арқылы тек Бархыт Бушаеваның есімін еске алу ғана емес, сонымен қатар қазақ би өнерінің дамуына өз үлесімізді қосып жатырмыз. Бұл фестиваль алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады», — деп атап өтті.
Бұл фестиваль би өнеріне сүйіспеншілікпен қараушы, өнерді бағалайтын көптеген адамдардың жүрегінде ұзақ уақыт сақталатын ерекше оқиға болып қалды.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!