Рухани азық
Дата: 25.08.2020 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
626
0
Жаз көптеген тәсілдер арқылы балаға тәрбие беру мен әлеуметтендіру үшін сәтті мезгіл. Бұл бағытта көптеген мамандар психологтар, педагогтар жұмыс жүргізеді. Дегенмен, балалардың өз құрбылыстарымен бірлесе атқарған қарым-қатынастарын іс әрекеттері мен айтысын, таласын ешқандай ересектердің жұмысы сол дәрежеде атқара алмайды. Половников орта мектебінде 5-10 сынып оқушылары жазғы сауықтыру лагеріне қашықтықтан қатысты Олар Абай Құнанбаевтің 175-жылдығына арналған «Абай шығармашылығы бейнелеу өнерінде» атты 5-10 сынып оқушылары арасында суреттер байқауы өткізілген болатын. Жақсы салынған суреттер мектептің инстаграмм желісіне салынды. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Ұлы ақынның өлендерінен үзінді оқу» эстафетасы ұйымдастырылды. Эстафетаны 10 сынып оқушысы Мұқышева Гүлназ «Қыс» атты өлеңнен бастаған болатын. Жалпы, эстафетаға 12 оқушы қатысып ең үздік 5 окушы мектептің инстаграмм желісіндегі парақшасына салынды. Сонымен қатар Абай атамыздың сүйікті ойындарының бірі «Тоғыз құмалақ ойыны» ұйымдастырылды. Ең алдымен, Половников орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Хужаев Зулфикар Мұкабылович «Тоғыз құмалақ» ойынының тарихымен таныстырып, төрешілік етті. Ойынға 20 оқушы белсене ат салысып қызығушылықтарын оятты. Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына байланысты мектеп оқушыларына «Абай жолы» атты Абайдың туған жеріне саяхат ұйымдастырылды. Мектептің инстаграмм желісі арқылы тікелей эфирде деректі фильм көрсетілді. Тікелей эфирге 63 көрермен қатысып өз ойларын, пікірлерін жазып отырды. «Руғани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әль-Фараби атамыздың 1150 жылдығы, Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына байланысты онлайн режимде саяхат өткізілді. Ватсап желісі арқылы 5-10 сынып оқушыларына суреттер, бейне роликтер корсетілді. Бұл күні 25 оқушы желіге кіріп, бейне ролик, суреттермен танысты. Нәтижесінде сурет, өлең жарысында балалардың шығармашылығы ұйымдастырылды. Балалар бұл тақырыптарда өз ойларын, пікірлерін толықтай жеткізе алды.
Лагерь тәрбиешілері Қ.ТЕМІРБЕКОВ, А.ҚАЛИЕВ
Лагерь тәрбиешілері Қ.ТЕМІРБЕКОВ, А.ҚАЛИЕВ
Комментарии