Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Абай жаққан бір сәуле

Дата: 25.08.2020 Рубрика: Рухани жаңғыру
518
0
Абай жаққан бір сәуле
Айсары орта мектебінде Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған іс-шаралар өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы Даланың – Ұлы есімдері» атты кіші жобасы аясында, онлайн желіде жоспарлы түрде іс-шаралар өткізілді. Елімізде Абай атамыздың ұлылығын дәріптейтін көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып өтуде. Ұстаздарымыз бен оқушыларымыз аудандық «Абай оқулары», республикалық «Үздік ашық сабақ байқауы», «Абай жаққан бір сәуле», «Абай – дана, Абай – дара» атты сайыстарға қатысып осы кезге дейін жүлделі орындарға ие болды. «Абай жолы» Абай Құнанбаевтың туған жеріне онлайн саяхат 5-11 сыныптар аралығында тарих пәні мұғалімі Идрисов Иса мен география пәні мұғалімі Жанғабылова Диана өткізді. Онда оқушылар атамыздың туған жерін виртуалды түрде аралап көптеген мәліметтер алып, танысты. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Қошмағамбет Жасұлан мен Қабылдин Бекзат 8-10сыныптар арасында «Абайдың сүйікті ойыны» тоғызқұмалақтан онлайн сайысын өткізді. Оқушылар алдағы уақытта да осы ойын түрін еркін түрде ойнап тұратынын айтып қоштасты. 1-11 сыныптар арасында «Абай шығармашылығы –бейнелеу өнерінде» атты балалар суреттерінің онлайн байқауын сынып жетекшілері өткізді. Оқушылардың көбісі «Абайдың – табиғат лирикасына» ден қойып жыл мезгілдерін бейнеледі. Бұл онлайн байқауда бастауыш сынып оқушылары белсенділік танытты. Абайдың қара сөздері «Жанымның бой тұмары – Абай өлеңдері» тақырыбындағы Абайдың қара сөздерін жатқа оқу онлайн сайысын тіл мамандары өткізді. Оқушылар Абайдың қара сөздерін ғана емес, сонымен қатар өлеңдерін де жатқа оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған іс-шарада Шагатаева Даяна «Желсіз түнде жарық ай» әнін тамаша  орындап берді. 

З.САДЫҚОВА мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!