Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Көненің көзі

Дата: 18.08.2020 Рубрика: Рухани жаңғыру
609
0
Көненің көзі
Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі – тоғызқұмалақ. Көненің көзіндей болған бұл ойынның 4 мың жылдық тарихы бар дейді зерттеушілер. Тоғыз құмалақ қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорт ойыны болғанымен, оны қырғыздар да, қарақалпақтар да, алтайлықтар да ойнайды. Алайда қазақтың тоғыз құмалақ ойыны тіпті кемелденген және дамыған. Тоғызқұмалақ ойыны қазақ таласында кең тара лған. Өйткені Қазақстанның бірнеше облыстарынан табылған археологиялық қазбалар осы ойға жетелейді. Тым әріге бармай, ХІХ ғасырдан бері қарай айтар болсақ, бұл ойынды қазақтың кемеңгері, ұлы ақыны Абай Құнанбаев сүйіп ойнаған. Қазір Шығыс Қазақстан облысындағы ақынның мұражайында Абай ойнаған тоғызқұмалақ тақтасы сақтаулы тұр. Кезінде бұл ойынға Ш. Уәлиханов, Қ. Қуанышбаев, С. Аманжолов, М. Әуезов және Б. Момышұлы сынды Алаштың ардақты азаматтары қызығушылық танытып, қолдау білдірген. Қазақ спорт журналистикасының атасы әрі ұстазы Сейдахмет Бердіқұлов та кезінде ұлттық өнерді насихаттап, мақтан тұтқан. Ұлттық ойынымыздың атауы «тоғызқұмалақ» – бірік кен с өз. Алғашқы сыңары – сан есім де, кейінгісі зат есім. Құмалақ неге жеті, сегіз, он бір, он үш емес? Рас, тоғыз саны ежелгі түркілерде көптік мағынаға ие әрі қасиетті сан. «Тоғыз жолдың торабы», «То ғ ыз қ абат торқадан, тоқтышақтың терісі артық», «Тоғыз інген боталап, то ғыз інген құлындап» деген сөз тіркестердің бәрінде тоғыз саны көптік мағынаны білдіріп тұр. Тоғыз-шексіздікті бейнелейтін сан. Тоғызқұмалақ арнайы тақта арқалы ойналады. Әрі ақыл-ойды дамытатын, адамның қабілетін арттырып ми қызметін жетілдіретін зияткерлік ойын. Алғашқы кезде үш отау, бес отаулық шағын үлгілері болған болса, бүгін дері жетілген тоғыз отаулық классикалық ережелі спорттық ойын қатарына енгізілді. Тек ойын ғана емес оның танымдық әрі тағылымдық тұрғыда да, сондай-ақ спорт, өнер, ғылым ретінде де маңызы зор. То ғызқ ұма лақ – әлемдік мәдениетінің озы қүлгілерімен бой теңестіре алатын интеллектуалдық ойын, логикалық ойлау өнері. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесі мен қатар, ақыл-ойының дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зерделілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған. Тоғыз құмалақ ойыны республикалық деңгей де Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия сынды елдерде, Ресейде, әсіресе Алтай мен Қарашай-Черкес республикаларында ойналып келеді. Ал Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашыр азаматтар бар. Бүгінде АҚШ-тың Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысып отыр. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде Тоғызқұмалақ қ анатын қеңге жайып, танымал ұлттық ойындардың біріне айналды. Қазір де Мичурин орта мектебінің оқушылары тоғызқұмалақ ойыны ойнайды. 

Бетті әзірлеген Аружан БАҚЫТ

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!