Бата – халық қазынасы
Дата: 01.08.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
1
399
0
«Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деп қазақ халқы бекер айтпаса керек.
Қарты бар үйдің шырағы еш сөнбейді. Бата айтылатын үйден ырыс-несібе, береке арылмақ емес. Салтдәстүрлердің ішіндегі ең асылы, көңілдің сәнін келтіріп, өмірдің мәнін ұғындыратын рухани құндылығымыз ол – бата деп айтсақ еш қателеспейміз. Қазіргі таңда бата айту – қолданыстан шығып бара жатқаны жасырын емес. Бата айтылатын отбасылардың өзінде ол қарапайым сөздермен жеткізіледі. Бата беру, астан соң дұға-тілек тілеу отбасына келе жатқан пәлекеттің алдын алып, оның болмауына жол ашады. Батаның көптеген түрлері болады. Олар төмендегіше көрініс береді. Нәрестеге бата, асқа бата, ұлға бата, қызға бата, келінге бата, жолаушыға бата, жастарға бата, сүндет той батасы, наурыз батасы, ораза айт батасы, жарапазан батасы, ас қайыру батасы сияқты түрлері көп. Нәресте дүние есігін ашқанда оған бесік той жасалынады. Одан соң тілашар болады. Әрі қарай сүндет той жалғасын таба береді. Осы аталған тойлардың ішінде басты дүние - нәрестеге қарап айтылатын бата. Асқа бата дегеніміз – әр астың соңынан берілетін батаны айтамыз. Ұл ер жетіп, қыз бойжеткенде берілетін батаның да өзіндік ерешелігі бар. Соның ішінде келінге өсиет түрінде берілетін баталар да баршылық.

Комментарии