Білгенге маржан
Дата: 08.08.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
284
0
Балалар, «Қызыл кітапқа» енген жануарлардың тізімімен таныстыруды жалғастырайық.
Алтай арқары
Алтай тауының арқары елімізде толықтай жойылу қаупіне ұшыраған жануар. Қазақстанда 50-60 бас шамасындай бар. Олар теңіз деңгейінен 800-3000 метр биіктікте мекендейді. Алтай арқарын Шығыс Қазақстан облысының аумағынан, Күршім жотасының оңтүстік сілемінен, Қалмақшы өзенінің жоғары ағысындағы биік таулы шоқылардан, сондай-ақ Бұқтырма көлінің солтүстік-шығыс беткейлерінен кездестіруге болады.
19 ғ-дың басында батыс және оңт. Алтай тауларында кең таралған. 19 ғ-дың 70-жылдарында бұл тауларда ол жойылып кетті. Қазақстанда қазіргі кезде А. а. Күршім жотасында, Қалмашық өзенінің жоғарғы ағынындағы биік тау беткейлерінде және Бұқтырма су қоймасының солт.-шығыс жағындағы тауларда тіршілік етеді. Негізінен теңіз деңгейінен 800 – 3000 м биіктіктегі тау шалғындарында мекендейді. Жазда таудың альпі және субальпі белдеулерін мекендесе, күз түсе тау етектеріне қарай қоныс аударады. Қошқарының шоқтығының биікт. 125 см-ге, мүйізінің ұзындығы 129 см-ге дейін жетеді. Алтай арқары дәнді дақылдармен, шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. 3 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Қазан – қарашада күйлеп, сәуір – мамыр айларында төлдейді. Әдетте жалқы қозықа туады. Алтай арқары – өте бағалы аң. Саны азайып, таралу аймағы қысқарып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» еңгізілген.

Комментарии