Көкпар тартып көрдің бе?
Дата: 25.07.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
143
0
Амангелді ауданы білім бөлімінің Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебінде мектеп оқушылары арасында аудандық көкпар жарысы өтті .
Екі жүзден астам қазақ ойындарының ішіндегі кей өңірлерде кенжелеп қалған ұлттық ойын жасөспірімдер арасында алғаш рет ұйымдастырылды. Амангелді ауданы білім бөлімінің басшысы М.Дихамбаев жас көкпаршыларға сәттілік тілеп, Есір ауылының ақсақалы Сағынтаев Жұмабай бата берді. Көкпар Амангелді мен Есір ауылының екі арасындағы алаңқайда өтті. Ат спортын дамыту, ұлттық ойын түрлерін мектеп оқушыларына насихаттау мақсатында өткен көкпарға 15 шабандоз қатынасты. Ойын 10 салым бойынша өткізілді. Көкпар үшін арнайы серке сойылып, ортаға тасталды. Ұлттық ойын барысында Файзолла Әділет, Қабдрахман Азамат, Шөптібай Нұрсұлтан үздік салымшы ретінде көзге түсті. Сайыс қорытындысында «Үздік көкпаршы» аталымына Амангелді жалпы білім беретін мектебінің 10 – сынып оқушысы Қабдрахман Азамат ие болса, «Үздік ат» иесі аталымында Сұлтан қасқа сәйгүлігінің иесі Рамазан Сүндетұлы марапатталды. Көкпар – қазақ халқының қанына сіңген қасиеті, дәстүрлі ұлттық ойыны. Жігіттердің күш –жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін , ат құлағындай ойнау шеберліктерін арттыратын ойын аттың қалай бапталып, үйретілгенін, жүйріктігін де бағамдайтын спорт түрі болып саналад

Комментарии