Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Маңызды бастама

Дата: 25.07.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
144
0
Маңызды бастама
Қостанайлық оқушылар үздік бағаларымен жануарларға арналған баспанаға көмек көрсетті.
№23 мектептің 3 «А» сыныбының сынып жетекшісі Елена Богатырева 1 қыркүйекте өткен жаңа оқу жылындағы алғашқы кездесуде-ақ өз оқушыларына еріктілік пен қайырымдылық туралы айтып қана қоймай, жануарларға арналған баспана салуды ұсынған болатын. Бұл идеяны оқушылары да, ата-аналар да қолдады. – Мен барлық балаларға жүректің суреті бар мұқабаларды басып шығардым. Үздік баға алғаннан кейін оқушылар оларды бояп отырды. Өткен жылы сыныпта біз балалар арасында үздік нәтиже үшін жарыс өткізген болатынбыз. Биылғы жылы әрбір баға – біздің кіші бауырларымызға нақты көмек болатын болды. Бір бестік – 100 грамм азық. Бірінші тоқсанның соңында біз 14 келі азық жинадық, – дейді ол. Күзгі демалыстарда Людмила Берестованың «Сердце чистейшей породы» атты баспанасына балалар да, ата-аналар да барды. Оқушыларының үздік бағамен тапқан 14 келі азықты сатып алуды сынып жетекшісі толығымен өз мойнына алды. «Менің ойымша, бала кезінен волонтер болған, баспанасыз жануарларға көмектескен, оларды баспанада тамақтандырған, олармен ойнаған адам, оларға ешқашан тас лақтырмайтын болады», – дейді мұғалім. Балалар екі сағаттан астам уақыт иттермен ойнап, тіпті басында аздап қорыққан балалар да ойнап кетті. Содан кейін, барлығымыз оқу жылының аяғына дейін бестерді санауды жалғастырамыз деп бірлесе шештік. Әрі қарай акцияның шекаралары кеңейді. Ата-аналар жануарлар баспанасына сүт өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, қарғыбауларды, тостағандарды алып берді. Елена Васильевнаның бұрынғы түлегі Ян Супруненко баспана туралы сюжет түсіріп, инстаграмда «Адал досыңның өмірін сақта» акциясын бастады. Мектептің тағы бір түлегі, қазір облыстық мәслихаттың депутаты Евгений Сотников үйсіз жануарларды ұстауға бюджет қаражатын бөлуге бастамашы болды. Бүкіл мектеп болып макулатура жинап, оны игі іске қосып, ағаштарды үнемдей бастады. Жалпы бүкіл оқу жылында жұмыс қайнап жатты. Сонымен бұл бастама немен аяқталды? Егер жыл басында 3 «А» сыныбында 9 үздік оқушы болса, оқу жылын 14 оқушы үздік аяқтады. Баспанаға 182 килограмм (13 қап) жем тапсырылды. Сонымен қатар, бастысы балалар жануарларды жақсы көре бастады. 2 тонна макулатура жиналып, бұл 25 ағашты кесуден құтқарды, 400 текше метр су мен 2500 квт/сағ электр энергиясын үнемдеуге көмектесті. Елена Васильевнаның сабақтары балаларды ашық, өмірге риза, мейірімді және жанашыр болуға, қоршаған әлемді сүюге, басқаларға қамқорлық жасауға үйретеді. Өмірде бұдан асқан маңызды не болуы мүмкін.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!