Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жеті атаны білеміз бе?

Дата: 25.07.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
185
0
Жеті атаны білеміз бе?
Халқымыздың «жеті ата» туралы, оның мәні жайлы білмейтін қазақ сирек болар.
Менің де біршама мағлұмат түсінігім бар. Әйтсе де, азын-аулақ білгенімді ортаға салып көсемсігім келмейді, неге десеңіз, оның бәрін қайынатамнан үйренгендерім. Ол кісіден асырып бәрібір айта алмас едім. Сондықтан «жеті ата» жөнінде атаның өзі айтқ ан ә ң г ім е г е н аз ар аударыңыздар: – Халқымыздың ертедегі дәстүрі бойынша әрбір қазақ өзінен бастап жеті атасына дейін жетік білуі міндетті еді. Ата-ана мұны баласының тілі шыққан соң үйретуі парыз саналып, отбасылық тәлімтәрбиенің әліппесі, негізі болған. Тек ата-анасынан ерте айырылған жетімдер мұндай тәлімнен құр қалған. «Жеті атасын білмеген – жетімдіктің салдары» деген осындайларға қарата айтылған. Ал әке-шешесі бола тұрып жеті атасын айта алмайтындарды «жеті атасын білмеген – жетесіздік» деп айыптаған. Әрбір қазақ жеті атасының өмір жолын білу арқылы кем дегенде екі ғасырлық мағлұмат алады, ұрпақ жалғастығының ізі, сүрлеуі сақталады. «Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер», «Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді билер» дегеннің мәні – тамыры үзылмеген бауырластық, қандастық қасиетін айтқанында. Қазақтың «жеті аталық» дәстүрін қазір ғылым да толық мойындады. Бір кезде «оқымаған», «қараңғы», «надан» деп айдар тағылған қазақтың ақылына, ой-өрісінің биіктігіне бүгінде ғалымдар таңғалып отыр. Неге? Өйткені жеті атаға толғанша қан сәйкестігі сақталып, сегізіншіге жеткенде сол қан сәйкестігі жойылады екен. Ал қандастық, қан тазалығын сақтауды ата-бабам баяғыдан-ақ білген ғой. Ғылым оны енді дәлелдеп отыр. Сөздің қысқасы, «жеті аталық» дәстүрді туыстық мейірімнің ұзақ уақыт жалғасатын тірлігі мен бірлігін бұзбауға, тұқымды пәкс ақтауға жасалған ереже-заңы деуге болады. Бұл аталас адамдар арасындағы ар-ұятты, адамгершілікті адал ұстаудың тұрақты жолы екенін көрсетеді,– деп еді ата. «Күретамыр»
Зейнеп АХМЕТОВА 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!