Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ата салты – асыл қазынаң

Дата: 10.07.2020 Рубрика: Рухани жаңғыру
1183
0
Ата салты – асыл қазынаң
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым, Бабалардың жалғастырар арманын. Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім, Өткеніңді бүгінменен жалғадым. Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау ұлтымызға, елдігімізге сын. Басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен кеңпейілдікке нақыштайды. Біздің қазақ халқымыз негізінен – жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, кішіпейіл, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық. Ата дәстүрін, асыл да көне мұраларын ардақтау – қазақ халқының ұлттық ұжданы. «Атадан бала тусайшы, ата жағын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата – бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу – кейінгі ұрпақтың міндеті. Ол ұрпақтық борыштар: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді жалғастыру, адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады. Тәуелсіз мемлекетімізде ата бабамыздан қалған қазынаның бірі салт-дәстүрлерді ұмыту мүмкін емес. Ендеше осы елдің ертеңі жасөспірімдерге салт-дәстүрлерімізді насихаттай отырып, ғасырданғасырға жалғасып келе жатқан тәрбие көзін мақсат ету. Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт – дәстүрін, әдет – ғұрыптарын, өсиетөнегелерін өзіне үлгі-өнеге тұтуға тиіс. Қазақ халқы – адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі. Егер біз өзұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті, мейірімді әрі қайырымды, қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе, халықтық салт-дәстүрлерге ерекше мән беруіміз керек. Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда азаматтық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени салт – дәстүрлерімізді ұмытпауымыз қажет. 

Дильназ ИЗДЕЛЮЕВА, 11 «а» сынып оқушысы Москалев орта мектебі

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!