Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кітап – жан азығы

Дата: 18.08.2020 Рубрика: Рухани жаңғыру
1119
0
Кітап – жан азығы
Қостанай орталығында «Кітап ауласы» ашылды. Онда жұмыс күндері ашық аспан астында кітап оқып, қалаған кітапты үйге ала кетуге болатындай жағдай жасалған. Ол жерде небір кітаптар бар, отандық, жергілікті қаламгерлердің 200-ге тарта еңбегі қойылған. Балалар да барып, танысуларына болады. Ақпараттарға сүйенер боласақ, кейінгі уақытта елдің кітап оқуға ықыласы артқаны байқалады. Мәселен, бір ғана Лев Толстой атындағы облыстық кітапханаға төтенше жағдай тәртібінен кейінгі алғашқы аптада-ақ 700 оқырман жазылған деседі. Саялы ағаштардың аясында, таза ауада адамдарды кітап оқуға тарту сияқты амалдармен қоса, оларды талай танымдық іс-шаралармен қауыштырудың қолдан келген барлық мүмкіндіктері қарастырылды. Сөйтіп бұл арада кәдімгідей балаларға арналған әртүрлі қызғылықты көркем әдебиеттерден бастап, күрделі жанрдағы кітаптардан тұрады. – Бүгінде өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналып отырған рухани жаңғыру шаралары жас жеткіншектердің де бойларына кішкентайларынан осы ұғымды сіңіріп, оларды отансүйгіштікке, кітапқұмарлық пен зерделілікке баулуымыз қажетт. Бұл ретте, көбіне өз-өзімен болып, жас ұрпақты руханияттың сара жолына салуымыз қажет. Оларды осындай жерлерге әкеліп, көрсетіп, таныстырсақ қандай жақсы, – дейді Бақытжамал әже. 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!