Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Туған жердің тарихы

Дата: 16.05.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
138
0
Туған жердің тарихы
Кейкі батыр атындағы №4 мектепте «Кейкі батыр: тағдыры, тарихы, тағылымы» тақырыбында облыстық семинары өткізілді. Семинарға білім басқармасының аға әдіскері Б.Қойшыбаева, Арқалық қаласының құрметті азаматы, Кейкітанушы Ш.Байділдәұлы, айтыскер ақын А.Қалиев, Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Г.Құлетқызы және Қостанай облысының қалалары мен аудандарынан мұғалімдер қатысты. Аталған қонақтар жиналған тарих пәні мұғалімдеріне батыр тұлғасы, тарихы жөнінде сыр шертіп, баяндамалар жасады. Тақырып аясында №4 мектептің пән мұғалімдері тәрбие сағаты, тарих пәнінен ашық сабақтар өткізіп, оқушылар арасында Кейкі батыр тарихы мен тағылымын жанжақты дәріптей білді. Мектеп өнерпаздарынан құралған жас таланттар қатысушы мұғалімдер алдында өздерінің өнерлерін ортаға салды. Мазмұнды өлеңдерін оқып, түрлі аспаптарда ойнай білді. Сонымен қатар Арқалық қаласы Жасөспірімдер театрының әртісі «Кейкі мерген» қойылымынан үзінді монолог оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Облыстық семинар қорытындыланып, қатысушылар ұйымдастырушы білім бөлімі мен №4 мектеп ұжымына зор алғыстарын білдірді. Қостанай облысы білім басқармасының аға әдіскері Бақыткүл Төкенқызы баяндамашыларға алғыс хат табыстап, өзінің семинарға деген оң пікірін білдірді.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!