Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жеңімпаз бишілер

Дата: 13.06.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
145
0
Жеңімпаз бишілер
Жақында ғана 20 жылдық мерейтойын қарсы алған «Алтынай» халықтық үлгілі би ансамблі Ташкент қаласында өткен «Tashkent Summer Festival» халықаралық фестивалінде 1 гран-при және 5 бірінші орынға ие болды. Жеңімпаздарды Қостанай қаласы, А. Байтұрсынов атындағы халықаралық әуежайда қалың ел күтіп алды. Жас бишілердің жетекшісі Салтанат Нұрымованың айтуынша Ташкент қаласына Қазақстан Респуликасы бойынша онға жуық бишілер тобы барған. – Елімізден жалпы саны 8 би тобы бардық. Хромтау, Жезқазған, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Астана және Қостанайдан барған бишілер өнер көрсеттік. Байқауға «Алтынай» халықтық үлгілі би ансамблінен 30 қатысушы қатысты. Әділқазылар алқасына біздің жас бишілердің қарым-қабілетті ерекше ұнады деуге болады. Себебі марапаттау салтанатында «Қостанайдан келген жас бишілердің билеу деңгейі өте жоғары. Нағыз еңбек пен маңдай тердің қаншалықты көп төгілгені байқалады» деп ыстық лебіздерін білдірді, – дейді С. Нұрымова. Расында, жас бишілердің шығар шыңы алда екені сөзсіз. Дегенмен олардың үлкен сахнада, халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, ел атын шығарғаны көңіл қуантады. – Осы уақытқа дейін бірнеше халықаралық байқауға қатыстым. Бірақ үлкен форматтағы және шетелде өткен байқауға алғаш қатысуым. Алған әсерім ерекше. Жан-жақтан келген бишілердің өнері қатты ұнады. Гран-при иегері деп біздің би тобын атағанда қуаныштан жүрегім жарылып кете жаздады. Іс-шараны ұйымдастырушыларға және жетекшіме үлкен алғысымды айтамын, – дейді 14 жастағы жас биші Айзия Қыдырбекқызы.

Бейбіт НҰРМҰХАНОВ

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!