Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Біздің театр

Дата: 16.05.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
115
0
Біздің театр
Абай атындағы Қостанай жалпы білім беретін мектебінің «Тема» театр студиясы Алматы қаласында өткен республикалық театр ұжымдарының байқауына қатысты. Байқауға еліміздің барлық дерлік қалаларынан Астана, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Семей, Орал, Қызылорда, Шымкент қалаларынан балалар келді. «Тема» студиясы байқауға өте мұқият және жан-жақты дайындалды. Топ жетекшісі Салтанат Оспанова өз ісінің шебері. Олар бұл жолы соғыс тақырыбына тоқталып, тақырыпты толық ашуғы тырысты. Спектакль «Однажды играли» деп аталады. Балалар спектакльдің бірінші нұсқасымен былтыр қараша айында халықаралық байқауға шығып, 1 орын алды. Кейінірек қойылым айтарлықтай жетілдіріліп, ұзартылды. Арыстан Шәкенов «Үздік сахналық дуэт» дипломының иегері. Ол қарындасы Шәкенова Мелиссамен бірге қатысады. Олар конкурс туралы өз әсерлерімен бөліссе: «Мұнда шынайы атмосфера болды. Мен жаңа достармен таныстым, бәрі ойдағыдай. Осы байқауға тағы да баруды армандаймын. Жалпы, мен театрға екі жылдан бері барып келемін. Менде көптеген хобби бар: каратэ, сурет салу, бірақ театр мен үшін маңыздырақ» дейді ол. Театр қысқа уақыт ішінде үш беделді байқауға қатысып үлгерді. Олардың қоржынында бірінші орын үшін үш құрметті диплом, ал шығармашылық арсеналда үш спектакль бар: «Прислушайся к своему сердцу», «Бедолаги», «Однажды играли» деп аталады. Бастысы балалар ашылып, өнерде шығармашылықтарын дамытып жатса мектеп ұжымы үшін басты мақсаттың орындалғаны.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!