Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Өнер саңлағы

Дата: 28.03.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
128
0
Өнер саңлағы
ҚР халық әртісі кино және театр саңлағы, 30 жыл сахнадағы өмірінде алпыстан астам ірілі-ұсақты образды сомдаған Әнуар Боранбаевтің туғанына 75 жыл. Бүгін Боранбаев мектебінде осы күнге рай өткізілген іс шараға арнау айтып және Н.Мейірманов мектебінің 6-сынып оқушыларына Әнуар атаның музейін аралатып шығармашылығымен таныстырдық. Артында із қалдырған ән аға, сахнадан кеткенімен, санадан мәңгі өшпейді. Тек театрда ғана емес, актер Әнуар Боранбаевтың кино әлемінде де өзіндік қолтаңбасы бар. Жұрт оны «Гауһартас» арқылы кеңірек таныды. Кәдімгі бәрімізге кеңінен таныс «Гауһартас» – қазақ кино өнерінің алтын қорына жазылған бірегей фильм. Сондағы басты рөл Тастанды сомдаған актер – Әнуар Боранбаев. «Гауһартас» киносы танымалдылығы жағынан күллі Кеңес Одағы бойынша «Қыз Жібек» фильмінен кейінгі екінші орында болыпты. Ә н у а р Б о р а н б а е в – То р ғ а й топырағынан шыққан өнер иелерінің ішіндегі шоқтығы биік жұлдызы. Еліне ерен еңбек сіңірген актер 1999 жылы 51 жасында бақилық болды. Қырықтан асқан нағыз ер шағында бір аяқтан айырылып, мүгедектік халге түссе де, ол өмірінің соңына дейін өнер жолынан таймады, соңғы демі қалғанша өнер деп өтті. Ол ұзақ жылдар бойы Қазақ академиялық драма театрының актері болған. Ә.Боранбаевтың актерлік шеберлігінің қалыптасуына М.Әуезов пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде ойнаған рөлдері ерекше ықпал етті. Боранбаев кинофильмдерге түсіп, ірі экрандық бейнелерді де сомдады. Ә.Боранбаев Қ.Мұқашевтың «Дала дастанындағы» – Iлияс, М.Әуезовтiң «Қаракөзiндегi» – Сырым, «Айман-Шолпандағы» – Арыстан, «Қарақыпшақ Қобыландыдағы» – Бiрсiмбай, «Еңлiк-Кебектегi» – Кембай, Ә.Нұрпейiсовтiң – «Қан мен терiндегi» Еламан, Ш.Айтматовтың – «Ана – Жер-анасындағы» – Майсалбек, «Ақ кемесiндегі» – Момын шал, бұдан басқа кесек-кесек туындылардағы кесекті рөлдерде өзін таныта білді.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!