Газетті, бірге оқиық!
Дата: 28.03.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
192
0
Қазіргі замандағы адамдардың көбісі заманауи бағытқа жылжып бара жатыр. Осы жағдай өзекті мәселе болып кетті. Бірақ кітап оқуды тастамау керек. Ол өзіміз үшін өте қажет. Ғаламтор желісі арқылы әртүрлі ақпарат аласыздар. Бірақ кітап, газет оқуды да ұмытпау керек. Мен сіздерге бір қызықты газетті ұсынғым келіп жатыр ол – «Зеленое яблоко» деп аталады. Онда көп қызықты ақпарат біле аламыз. Мектеп оқушыларының жетістікке жеткен жолдарын, туған жеріміздің тарихын білу, табиғат көріністерін тамашалау, қазақстандық ақын-жазушылардың, сондай-ақ М.Әуезовтың, А.Құнанбаевтың рухани әлемі сияқты тақырыптарды біле аламыз. Сондай-ақ сөздік қорымыз, тіл байлығымыз, сөйлеу мәнеріміз, ойлау деңгейіміз жоғарғы дәрежеге жетеді. Күніне 15-20 минут өз уақытыңызды осы газетке жұмсасаңыз, еш өкінбейсіз деп ойлаймын. Жалпы газеттің безендірілуі, республика бойынша мектеп тараптарынан түрлі ақпараттың ұсынылуы көз тартарлық. Менің сіздерге берер кеңесім Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай: «Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықылыспен тоқылық!» - дегім келеді. Жас ұрпақтың газет, кітапқа деген құлшынысын арттырмасақ, оқушылардың дені ғаламтормен шек теулі болып қалады. Соның алдын алу мақсатында «Зеленое яблоко» газетін көбірек алып, оқып, танысайық!
Аружан БОЛАТОВА,
Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Лисаков қаласы
Аружан БОЛАТОВА,
Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Лисаков қаласы
Комментарии