Наурыз – айы туғанда...
Дата: 28.03.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
0



14-наурыз облыстың барлық білім беру ұйымдарында Наурыз мейрамының басы – Көрісу күні аталып өтті. Ұстаздар қауымы мен оқушылар ұлттық киімдер киіп, жылы лебіздерін білдіріп, Наурыз мейрамын тойлауды бастап жатыр. Наурыз - балалар үшін басты мереке, сол себепті бастауыш сынып оқушыларына ұлттық нақыштағы сыйлықтар беру тәжірибесі қалыптасуда. Мектеп дәліздерінде, спорт залдарда оқушылар арасында ұлттық ойындардан сайыстар өткізілуде.
Комментарии