«Шығармашылық шеберхана»
Дата: 21.02.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
239
0
«Менің сыныбым – Агрокласс!» атты инновациялық жоба аясында, Қарасу ауданының білім бөлімінің Люблин жалпы білім беретін мектебінде Қостанай ауылшаруашылығы колледжінің 2П-4 тобының студенті Серов Богдан «Шығармашылық шеберхана» атауымен семинар-практикум өткізді. Ол екі бөлімнен т ұрды: «Түрлі рецептер» атты тұсаукесері, онда ол өзінің колледждегі оқуы туралы, өзінің жобалары мен жалпы студенттік өмірі туралы айтып берді. Екінші бөлімі – тәжірибелік. Богдан мектеп оқушыларына трайфлдер мен кекстерді безендіруді көрсетті. Балалар қызыға қатысты. Өндірістік оқыту шебері В.Куштальдың жетекшілігімен Богданның курстастары балаларға арналған «Бақыт үзіндісі» атты көрмесін ұйымдастырды: алма зефирі, сүзбе қосылған ірімшіктер, асқабақ тоқаштары, шоколадты мусс, меренг орамы, балалар мобасы. Керемет іс-шарада дәмді кондитерлік өнімдер мен жағымды эмоциялар көп болды.
Комментарии