Техника тілін меңгеріп
Дата: 21.02.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
231
0
Қостанай политехникалық жоғары колледжінің базасында робототехника бойынша облыстық жарыстар өтті. Оған Қостанай облысының барлық аудандарынан жалпы білім беретін мектептер, қосымша білім беру ұйымдары мен колледждер атынан 42 команда қатысты. «Робосумо» санаты бойынша жарысқа екі жас тобының командалары қатысты, 6 сыныптан оқушылар және 7 сыныптан бастап оқушылар, колледждердің 1-2 курс студенттері. Бұл турнирдің ерекшелігі – кез-келген түрдегі робототехникалық конструктордың жарыстарына қатысу мүмкіндігі. Робототехника бойынша турнир қорытындысы бойынша әр түрлі жас санаттарында бірінші орынды Бейімбет Майлин ауданы Б.Майлин атындағы балалар өнер мектебі мен Рудный №10 мектеп-гимназиясының командалары, екінші орынды Қостанай қаласы физика – математика лицейі мен Сарыкөл ауданы Тимирязев жалпы білім беретін мектебінің командалары, үшінші орынды Қостанай ауданы Мичурин орта мектебі мен Қостанай қалалық техникалық шығармашылық мектебінің командалары жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталды, команда жетекшілері алғыс хаттар алды.
Комментарии