Ана тілің арың бұл...
Дата: 14.02.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
221
0
«Mирас» аймақтық қоғамдық кеңесінің мүшелері Қостанай қаласындағы №28 мектеп-гимназиясында оқушылармен, ұстаздармен кездесу өтті. Кездесу барысында жазушы Әбутәліп Әмірұлы тіл жанашырлары жұмыс тобының жоспарлары мен қоғам тарапынан ана тілінің қолдану аясын кеңейту қажеттілігі туралы айтты. Жиын барысында жазушы, журналист Оразалы Жақсанов, ақынтермеші Қыдырбек Қиысқан, «Қазақ тілі» қоғамы Қостанай облыстық филиалының жетекшісі Заңғар Санай, облыстық «Қостанай таңы» газеті бас редактордың орынбасары Аслан Қанғожин, Ы.Алтынсарин музейінің директоры Марғұлан Оспанов, жазушы, драматург Абылай Мауданов, жазушылар Дәулет Жадырасын және ақын, журналист Жандос Жүсіпбек қатысып, қазақтың ән-күйлерін орындап, ана тілінің қолданыс аясын кеңейтуге байланысты ұсыныс пікірлерін ортаға салды. «Алайда, өңірімізде ата-аналар тарапынан өздері ана тілін білмегеннен кейін балаларын орыс тілді мектептерге беріп жатыр. Ол үшін әркім өзінен бастау керек. Ата-ана тарапынан ниет, ынта болмаса, тіліміз қайтіп өркендейді? Әлі есімде, біз оқып жүрген кезде Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатта жергілікті ақын-жазушылармен рухани кездесулер жиі өтіп тұратын. Содан қалмауға тырысатынбыз. Соның әсері шығар, тілге жанашыр болып өстік, – дейді Заңғар Санай. Рухани шарада сөз алған мектеп оқушылары мен ұстаздар осындай әдеби кештер жиі өткізіліп тұрса деген ниеттерін білдірді. Мұндай кездесулер алдағы уақытта облыс орталығының бірқатар мектептері мен балабақшаларында өткізілмек.
Айдана КІНДІКБАЙ, Қостанай қаласы №28 мектеп гимназиясының оқушысы
Айдана КІНДІКБАЙ, Қостанай қаласы №28 мектеп гимназиясының оқушысы
Комментарии