Тағылымға толы шара
Дата: 14.02.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
210
0
Қазір білім беру орындарында бала тәрбиесі жолға қойылған. Жақында Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бау ыржан Момышұлының келіні, этнограф, - қаламгер Зейнеп Ахметованың «Күре тамыр» кітабының негізінде ұрпақтар сабақтастығын арттыру, ұлттық өнеге, салт-дәстүр, адами құндылықтарды дәріптеу мақсатында №24 бастауышмектеп гимназиясында «Атадан өсиет» атты тағылымды кеш өтті. Шараға үшінші сынып оқушылары ата-әжелерімен бірге келіп қатысты. Оқушылар ата-әжелерімен бірге «Күре тамыр» кітабынан алып, ұмыт қалған дәстүрлерімізден көрініс көрсетті. Кейбірі бесікке салу рәсімін жасаса, екінші сыныптар жеті ата, көз моншақ, қалжа дәстүрлерін сахналады. Екінші кезеңде сол кітаптағы «Нан» монологын ата-аналар жатқа көркемдеп нақышына келтіре орындады. Қаламгердің терең толғаныстарға толы жаңа жинағының бүгінгі жас толқын ұрпаққа берері мол екендігі ешқандай талас тудырмайды дейді мектеп басшылығы. «Зейнеп Ахметованың «Күретамыр» кітабы арқылы оқ ушылар ға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдетғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, б а л а н ы ң б о й ы н а а д а м г е р ш і л і к қ асиет терін қ алыптастыру, халық өнегесін үйрету. Жалпы мектептерде «Үндестік» жобасының түпкі мақсаты тәрбие. Біз бұл кітаптағы тәрбиелік мәні бар ғұрыптарды бекерден бекер алған жоқпыз. Балалар көрсін, білсін деген ниетпен. Каарантин кезінде біздің мектепте қиын болды. Балалар онлайн оқыған кезде тәрбие ақсап жатты. Оқушыларымыз орыс тілінде сөйлеуге бейімделе бастады. Біз олқылықтың орнын толтыру мақсатында осындай тәлімді мәні бар шараларды өткізуді қолға алдық», – дейді мектеп директоры Нұргүл Қасенова.
Айзия ҚЫДЫРБЕКҚЫЗЫ, оқушы
Айзия ҚЫДЫРБЕКҚЫЗЫ, оқушы
Комментарии