Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Болашақ Илон Маск

Дата: 14.02.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
149
0
Болашақ Илон Маск
Қостанайдағы М.Хәкімжанова атындағы №20 мектептің 5 сынып оқушысы Дияр Бауыржанұлы әлеуметтік желіде әпсәтте танымал болып шыға келді. Әлеуметтік желі қолданушылары оны «Тикток» желісінде 1,3 миллион қаралымы бар болашақ Илон Маск деп атауда. Оның жасы 11-де. Талапты оқушы бос уақытында дзюдомен айналысады. Дияр бала кезінен бір жәшік легоның түр-түрінен әр түрлі капоты бар машиналар, көліктің артқы тіркемесі мен ж үксалғышын да жасағанды ұнататын. Үйдегі сынған пульттерді бүтін қып құрастыратын дарынын үй-іші енді ғана байқап жатыр. Ата-ана жаңа жыл сайын балаларына сыйлық сыйлайды. Қоян жылы қарсаңында Дияр ата-анасына машина рөлін сыйға тартуды сұраған. Кейін анасымен «Райский сад» дүкенінен көлік рөлін бірге қарап көрген. Сандуғаш Рахымжанова баласына машина рөлдерінің бағалары тым қымбат әрі сатып алу қиын соғатынына айтқанда, Дияр оны өзім жасаймын деп бекініпті. Баласының бетін қайтармай қажетті құрал-жабдықтарын алуға ата-анасы қол ұшын созды. Әкесі дүкеннен жәшіктің қораптарын, ал анасы сымды тінтуір алуға ұлына 1000 теңге беріпті. «Үйдегі ноутбукты нағашы апасы туған күніне сыйлады. Осылай, бір-ақ күнде тежегіші мен моторы бар машина жасап шығарды. Бұл ойыншықпен үйге қонаққа келген балалар қызығып ойнайды», – дейді оның анасы Сандуғаш Рахымжанова «Тикток» әлеуметтік желісіне салған бейнеролигіне 1644 пікір жазылып, 94 000 адам лүпіл басқан. 6218 оқырман видеоны өзіне сақтапты. «Астанада үш сіңілім тұрады. Балаларымның қуанышымен бөлісіп суреттері мен видеоларын жіберіп отырамын. Сонда тұратын сіңілім бұл бейнероликті «тик-токтағы» өз аккаунтына жүктепті. Желідегі видео көп қаралым жинайды деп ойлаған жоқпын. Баламның жолы әрқашан оң болса екен», – дейді тілейді анасы Сандуғаш Рахымжанова. Қазір Дияр Қазақ-түрік лицейінің 7 сыныбына оқуға түсуге дайындық үс т і н д е. О қ у үл г е р і м і ж а қ с ы. Болашақты инженер немесе банк қызметкері болуды армандайды. Бізде талапты баланың армандары орындалса екен дейміз.

Сулейма ОМАРОВА, Қостанай қаласы №28 мектепгимназиясының оқушысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!