Аудан мақтанышы
Дата: 07.02.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
220
0
Аманкелді ауданынан қос бірдей жас өрен Астана қаласындағы Қ.Мұңайтпасов ат ын д а ғ ы ол и м п и я д а р е з е р в і н і ң республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжіне түсті. Ернұр Өміртай мен Диас Әлібек емтиханнан сүрінбей өтіп, аудан мақтанышына айналды. Қос өрен Әзиз Мирамұлының шәкірті. Бапкерден үйренгенін Астанада да танытып, бірқатар жарыстарға қатысып, жүлделі орындар да алып үлгеріпті. Әзиз бапкердің шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық деңгейдеге жарыстарда үнемі алда жүреді. – Ернұр мен Диасты 3 сыныптан бастап тәрбиелеп келемін. Ерекше қаблеттерін байқап, жекелей жаттыға бастадық. Бокс оңай спорт емес. Оған төзімділік, шыдамдылық, өжеттілік керек. Осы қасиеттер олардың бойынан анық байқалды. Бокстың темірдей қатал талаптарына көне білді. Барлық техникаларды әп сәтте үйреніп алды. О б ы л ы с т ы қ , республикалық додаларға апарып, үлкен арен а л а р д а т о п қ а қостым. Алматы қаласында өткен Муатайдан ҚР чемпионатында екеуі де жүлделі болды. Осы екі шәкіртім Астана қаласындағы спорт мектебінде білім алса деген арманым еді. Осы арманға жетеміз деп жаз бойы дайындалдық. Қызығы екі баланың бокстасудағы әдіс-тәсілдері әр түрлі. Диас – солақай, Ернұр – оңқай. Екеуіне қарама-қарсы бокстасуды бір айда үйреттім. Бүгінде екі жаққа бірдей бейімделген. Бақтары жанып, еңбегіміз текке кетпей екеуі бірдей армандаған оқуларына түсті. Әрине, мен үшін бұл үлкен мәртебе. Оқуға түскелі де жарыстарда жүлделі орыннан көрініп келеді. Ол жақтағы жатықтырушысымен хабарласып отырамын. Олар жайында мақтау естігенде төбем көкке жетіп, бір марқайып қаламын. Ернұр мен Диасқа артар сенімім мол, — дейді Ә.Мирамұлы. Расында ауданымыздағы ж а с с п о р т ш ы л а р д ы ң көбейіп келе жатқаны қуантады. Аудан атын асқақтатып жатса ел мерейі. Осы ретте Ернұр мен Диасқа талмас талап, бағындырар биіктері көп болсын дейміз!
Бибіт НҰРМҰХАНОВ Аманкелді ауданы
Бибіт НҰРМҰХАНОВ Аманкелді ауданы
Комментарии