Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Батыр атындағы байқау

Дата: 03.01.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
145
0
Батыр атындағы байқау
Кеңес одағының батыры, жазушы, ІІ дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 112 жыл толуына орай батыр атындағы №5 жалпы білім беретін мектепте 5-11 сынып оқушылары арасында «Бауыржан оқулары» байқауы өтті. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, поэзияға, Бауыржан Момышұлының рухани мұрасына деген құрметті арттыру мақсатындағы байқауға республикамыздың түкпір-түкпірінен дарынды оқушылар қатысты. «Әскери ерліктерден басқа Бауыржан Момышұлы жазушылығы бір төбе.Батыр атамыздың ерлігін насихаттау біздің борышымыз.Сол себепті, Қостанай қаласындағы №5 жалпы білім беретін мектеп батыр атамыздың есімін алғаннан бері Бауыржан атамыздың туған күніне орай іс-шаралар өткізілуде.Соның бір дәлелі «Бауыржан оқулары» байқауы. Бұл байқау жас өскелең ұрпаққа рух беріп,шығармашылыққа жол ашып,шыңдап келеді.Қостанай қаласынан оффлайн форматта сексенге жуық 5-11 сынып аралығындағы оқушы қатысса, онлайн форматта Қарағанды, Жаркент, Жетісу, Сәтбаев, Рудный қ алаларынан қалалық білім беру ұйымдарынан оқушылар төрт номинация бойынша жұмыстарын жолдады», - дейді Қостанай қаласы білім бөлімінің әдіскері Жанар Жұмағұлова. Жалпы төрт номинация бой - ынша с е к с е н г е ж у ы қ ө т і н і м қабылданған. Барлық өткізілген ш а р а а т ы а ң ы з ғ а а й н а л ғ а н , батырлықтың ерен үлгісі болған Бауыржан Момышұлының тағылымды һәм асқақ рухты дәріптеген кемелді ғұмырын насихаттауға бағытталған. Іс-шара мектеп ордасында концерт ұйымдастырылып, одан әрі қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Жүлделі орындарға ие болған оқушыларға арнайы дипломдар табыс етілді.

А.Қыдырбекқызы, С.Мәуленов атындағы мектепгимназияның оқушы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!