Жыл айрығындағы қос марапат
Дата: 03.01.2023 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
182
0
Барыс жыл Қостанай қаласы №24 бастауыш мектеп-гимназиясы үшін нәтижелі болды. Жақында өткен «Ең үздік қысқы мектеп ауласы» қалалық байқауында №24 мектеп гимназиясы бас жүлдені иеленіп, қала мектептері арасында өткен қардан мүсін соғусайысындада екінші орын алды. Қос бірдей жүлделіорынға ие болған мектеп басшылығы бағалы сыйлықтар табыс етілді. Айта кету керек, қала өмірінде п а н д е м и я ғ а д е й і н о с ы н д а й байқаулар дәстүрлі түрде өткізіліп келген еді. Биыл қала әкімдігінің қолдауымен тағы да жанданып, қолға алды. «Кетіп бара жатқан «Балалар жылы» балаларға да базарлық болсын деген ниетпен мектеп ауласын экологиялық, танымдылық тәрбиеге баулу мақсатында «Құстар әлемі» деп аттадық. Мектептегі 18 сыныптың барлығы да бір кісідей атсалысып, мұздан 18 құстың бейнесі соғылды. Мүсін жасау кезіңде ауа райы құбылмалы,үскірік аяз болды. Ата-аналар қиындықта көрді. Соған қарамай, бәрін көркемдеп қиялға ерік беріп, жасап шығарды. «Құстар әлеміне» тропикалық және елімізде мекендейтін сұлу құстарды таңдап алдық. Олар түрлі-түске боялған, ауламызға ерекше көрік беріп тұр. Келген атааналар, оқушылар қызықтап қарап, мүсіндермен суретке түсуде. Оның сыртында мектептің дәл іргесінде жыл айрығындағы Барыс пен бала, қоян үшеуінен композиция жасап,соқтық, - дейді Қостанай қаласы №24 бастауыш мектепгимназиясының директоры Нұргүл Қасенова. Ал қала дәл орталығына қардан жасалған мүсіндерді көруге болады. «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлем тербеткен қолында сәбиін аялаған ана бейнесін соқтық. Түпкі ойы тәрбиелік, әсіресе ұлттық тәрбиеге бет бұру мақсатында алынған еді. Өмірдегі ерекше орын алатын бала, ертеңгі ұрпақ, ананың балаға деген мейірімділігі, қамқорлығы көрсетілген. Өтіп бара жатқан Барыс жылын Президентіміз «Балалар жылы» деп бекер атамаса керек. Осының бәрі астасып жатты. Осы жердебір жұдырықтай жұмылған ата-аналарға алғысымыз шексіз. Қашанда бізбен бірге мектептің қоғамдық өміріне үнемі ат салысып жүреді, - дейді Нұргүл Қасенова.
Айзия ҚЫДЫРБЕКҚЫЗЫ, оқушы
Айзия ҚЫДЫРБЕКҚЫЗЫ, оқушы
Комментарии