Ұрпақ қамы үшін
Дата: 18.10.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
268
0
Амангелді ауданы білім бөлімінің А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебінде Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі Бекбауылов Қаражан Нұрғалиұлы атындағы лингафонды қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинеті ашылды. Кабинет заманауи үлгіде жабдықталған. Қажетті компьютерлік жабдықтардың қоры мол. Сапалы білім алуға барынша мүмкіндік беретін кабинеттің ашылуы Балалар жылы аясында Байғабыл ауылының оқушыларына жасалған зор тарту болып отыр. Іс-шара барысында өңірлік семинар, шеберлік сыныптар өткізіліп, оқушылардың шығармашылық конкурсы ұйымдастырылды. Жеңімпаз оқушылар әр номинация бойынша марапатталды. Кабинеттің жабдықталуына ұстаз ұрпақтары 3 498 000 теңге бөлсе, конкурсқа қатынасқан жүлдегер оқушыларды марапаттау үшін 570 000 теңге көлемінде қаржылай демеушілік жасады. Бұл – А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебінде биылғы жылы ашылып отырған екінші оқу кабинеті. Бұған дейін аталған білім беру ұйымында Серікбай Шоңғалов атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті қолданысқа берілген болатын..
Комментарии