Елдес жолы – ұрпаққа үлгі
Дата: 18.10.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
255
0
№27 ЖББМ кітапханасында «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында қазақтың көрнекті ақыны, жазушы драматург, п у б л и ц и с т - ж у р н а л и с т Ақылбек Шаяхметпен кездесу өтті.
А л а ш а р ы с т а р ы б і з г е мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. 1990 жылы қабылданған мемлекеттік суверенитет Декларациясы – сол арыстардың асыл арманының жүзеге асуы. Біздің міндетіміз – осы дербестігімізді көздің қарашығындай сақтап қалу. Біздің бүгінгі күні Тәуелсіз ел болып отырғанымызға Алаш арыстарының қосқан үлесі орасан зор екені тарихтан белгілі. Заманында елім деп еңіреген ерлердің жарқын болмысы, еселі еңбектері Тәуелсіздік таңында жарыққа шығып, ұрпақ қолына жетті. Қазақ елінің егемендік жолындағы азапты сапарында қазағым деп, тәні өртке шарпылған перзенттердің бірі – ұстаз, ғалым, білікті аудармашы, публицист, белгілі қоғам қайраткері Елдес Тиесовтың арпалысқа толы өмірін танып, білу біздің міндетіміз. Елдес Омарұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеп, кітап етіп басып шығаруына Ақылбек Қожаұлының еңбегі орасан. Ғалымның 130 жылдығына орай мектебімізде тағылымды кездесу ұйымдастырылып, кештің қадірлі қонағы Ақылбек Қожаұлы өзінің шығармашылық жолымен қатар Елдес Омарұлының ғылыми мұрасы туралы айтып берді. Өзінің саналы ғұмырын Қазақ елінің өркендеуі мен мәдениетіне арнаған ғалым – Қостанай өңірінің мақтанышы Бейімбет Майлин ауданы, Қожай аулының тумасы. Бұл күнде есімін екінің бірі біле бермейтін Елдес Омарұлы – өз заманында әліппе, математика, физика, геометрия, география оқулықтарын жазып, терминдерін қазақ тіліне аударды. Оның әр жылдары мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған «Қазақша жазу жайы», «Жазу мәселесі», «Сипыр жазу», «Ғылым төңкерісі», «Емле мәселесі», «Қазақша әліпби мен латынша әліпби», т.б. мақалалары қазақ тілінің талас тудырған даулы мәселелеріне арналса, «Қазақ тарихынан» мақаласы қазақ жерін мекендеген тайпалар мен қазақ хандығының құрылуына арналды. Жалпы алғанда, Елдес Омаровтың бұл тарихи мақаласы қазіргі уақытта да өзекті деп айтуға толық негіз бар. Мақаланың шығуынан 100 жыл уақыт өтсе де мемлекеттің шығу тарихы мен мемлекет болып қалыптасуы әлі де тарих сахнасынан түскен жоқ. А хмет Байт ұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, жан жолдастары Міржақып Дулатов пен Мұхтар Мурзин, Ғаббас Нұрымұлы мен Әлжан Байғориндермен қатарласа жүріп қоғамның өткір ойларын, халқының азат өмір сүруін тіледі. Оның қай шығармасын алып қарасаң еліне деген қамқорлықтан, шексіз сүйіспеншіліктен тұрады. Алаштың ардақтысы, өлкеміздің мақтанышы Елдес Омарұлының есімі мәңгілік есімізде сақталады.
Жалғасбек НҰРАСЫЛ, №27 ЖББМ 6 «А» сынып оқушысы Қостанай қаласы

Комментарии